Басты жаңалықтар
Коронавирус сұмдығы: Алматыда бір топ қабір қазушы қамауға алынды
- автор kyn.kz
- 21 шілде, 2020
- 377
Қала полициясына осындай қорлық көрген бірнеше адам шағым түсіріп, заңсыз әрекет еткендер жауапқа тартылды
Қара жамылған халықты қанағандар әдеттегі бағаға қосымша шығындарды ойдан шығарып, қосып айтқан. Ол үшін ешқандай чек бермеген, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыда 8 адам зират қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне шағымданған. Олардың айтуынша, зират қызметкерлері бекітілген сомадан бөлек тағы 70-80 мың теңге үстеме төлеуге мәжбүрлеген.
Олар қайтыс болған адамдардың туыстарынан көму ақысынан бөлек қосымша ақша бопсалаған. Бұл қосымша ақыға чек берілмеген. Зират қызметкерлері ақшаны заңсыз иемденген. Жақынынан айырылып қайғы жұтқан адамдарға моральдық, материалдық шығын келтірілді.
ҚР Президенті мен ҚР ІІМ басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Кешенді тексеру жұмыстарының нәтижесінде екі адам ұсталды. Қазіргі таңда жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен тергеу жұмыстары жүріп жатыр.