Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

24 шілдеден бастап астана маңындағы жағажай, демалыс орындары жабылады

24 шілдеден бастап астана маңындағы жағажай, демалыс орындары жабылады
ашық дереккөз
Себебі, соңғы бірнеше күнде тұрғындар карантинге қарамастан тәртіпті сақтамай, су маңында демалатын болып кетті
Бұл туралы Ақмола облысының туризм басқармасы Instagram парақшасында мәлімет таратты. «Ақмола облысы туристік бизнес өкілдеріне ескертеміз. Карантин шараларының күшеюіне және туристік орындарда демалушылардың жауапкершілігінің төмендігіне байланысты 24 шілде сағат 00:00-ден бастап 3 тамызға дейін Ақмола облысының туристік аймақтары жабылады» делінген басқарманың мәліметінде. Туристік аймақтың айналасына түгел блокпостар қойылып, көлік кіруіне тыйым салынады. 24 шілдеге дейін қонақ үйге келіп, жайғасып үлгерген адамдар демалыс базасының ішінде қала береді. Курорттағы адамдар маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. Отельерлер осы уақыт аралығында бронь қабылдамайды. «Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін санаторийлер мен курорт нысандары санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, жұмысын жалғастыра береді. Жағажайды, сауна мен бассейнді жалға беру қызметі тоқтатылады. Жағалауда орналасқан қайық стансалары, сауда және ойын-сауық нүктелері жабылады. Сондықтан жағдайға түсіністікпен қарап, осы уақыт аралығында демалыс орындарына барудан бас тартуыңызды сұраймыз» деп ескертеді мекемеден.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар