Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Төрт ай бұрын жерленген ер адам зиратта қаңғып жүрген жерінен табылып, елді шошытты

Төрт ай бұрын жерленген ер адам зиратта қаңғып жүрген жерінен табылып, елді шошытты
ашық дереккөз
Туыстары оны мұсылман салтына сай жерлеп, өлді деген құжаттарын да алып қойған еді
Мохаммед Эль-Гаммаль 2020 жылдың алғашқы айында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Отбасы үш ай бойы дамылсыз іздеп, таба алмаған. Жақындары оның психикалық ауытқуы барын, соның кесірінен үйден жиі кетіп қалатынын айтқан. Бірақ ол бұған дейін өзі оралып жүрген. Біраз уақыттан соң отбасына жергілікті аурухана қызметкері хабарласып, клиникаға ер адамның мүрдесі жеткізілгенін айтқан. Туыстары оны таныды. Дененің ДНҚ тесті алынды. Алайда олар тест қорытындысын күтпей, жерлеу рәсімін наурыз айының соңында өткізу керек деп шешкен. Төрт айдан соң тұрғындар зиратта жүрген ер адамды байқап қалған. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, жоғалып кеткен Эль-Гаммаль екені анықталды. Ал науқас жанның туыстары одан төрт ай бойы қайда жүргенін сол бойы біле алмады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар