Басты жаңалықтар
Зейнетке шығу жасы қысқартылды деген ақпаратқа министрлік жауап берді
- автор kyn.kz
- 22 шілде, 2020
- 525
Әлеуметтік желіде әйелдер 57, ер азаматтар 61 жастан зейнет демалысына кетеді деген ақпарат тарап еді
Фейзбук жлісінде Нұрлыбек Қуаңбаев Қазақстан тұрғындарының зейнетке шығу жасы қысқарды деп ақпарат таратқан еді. Ол өз жазбасына президент Тоқаевтың суретін қойып, ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады деп жазған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, жоққа шығарды.
"Бұл жалған ақпарат, зейнетке шығу жасын өзгерту туралы мәселе қозғалып жатқан жоқ", - деді еңбек министрлігі.
Министрлік өкілі қазіргі кезде көптеген азаматтар түрлі ақпарат таратудың заңға қайшы екенін біле тұра, елді дүрліктіруге құштар екенін айтты. Әрі халыққа тек ресми ақпараттарға сену керектігін ескертті.