Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Головкинді қызықтырғаны ақша емес". Санчес GGG "Канелодан" не талап еткенін айтты

"Головкинді қызықтырғаны ақша емес". Санчес GGG "Канелодан" не талап еткенін айтты
ашық дереккөз
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Сауль Альвареспен арадағы келіссөздер туралы айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Сауль Альвареспен келіссөздер барысында GGG не үшін талаптарынан бас тартқысы келмегенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ "Головкин 45%-дан кем үлеске бола жұдырықтаспаймын деді. Дедлайн туралы білгенде, 25 тамызда Forum-да өтетін Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жекке дайындықты бастап кеткен болатын әрі Ресейдегі әлем чемпионатында жүр еді. Геннадийдің ұстанымы берік, мінезді жігіт екеніне разымын, ол дегеніне жетті. Оны ақша қызықтырмайды. Иә, ең қомақты сыйақы алады, бірақ "Канело" да құр алақан қалмас. Екеуіміз үшін де ірі жекпе-жек болғалы тұр. Геннадий үшін миллиондаған қаржыдан айырылса да бәрі бір болатын: Сондерс те, демеушілер де жекпе-жекке келісім берді. Оған бар керегі — құрмет: сонша айыптаулардан кейін, комиссия мен кленбутеролдан кейін, спортқа және өзіне көрсеткен қылықтарынан кейін құрметті талап етті, — деді Санчес ESPN арнасына берген сұхбатында.   "Канело" — GGG жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар