Басты жаңалықтар
Ақтаулық келіншек пәтер алу үшін құрсағын жалға беруге дайын
- автор kyn.kz
- 22 маусым, 2018
- 1.4k
Төрт баласымен пәтер жалдап шаршаған әйел өзгеге бала туып беріп, өз жағдайын жақсартпақшы
Ақтаулық келіншек бүгінде тұрмыстың тапшылығынан сурагат ана болуға дайын екенін жазды деп хабарлайды KYN.KZ Бүгінде төрт баланы жалғыз асырап отырған келіншек сурагат ана болу арқылы пәтер сатып алмақшы. Оның күйеуі басқа балаларымен бірге тастап, басқа әйелге тастап кеткен. Амалы таусылған келіншек пәтер жалдап тұрады және балаларын асырауға түк таппай отыр.
Ол осыдан біраз уақыт бұрын Үшбу хат оқырмандарына сурагат ана болу туралы жарнама берді. Айтуынша Ақтаудан екі бөлмелі пәтер сатып алып беремін деушілерге, перзент сыйламақшы.
Келіншектің жазбасын оқыған желі қолданушылары оған жанашырлық танытып, аяныш білдіріп жатса, енді біреулері бұл ісінің дұрыс еместігін айтып, ескертті
Айта кетейік KYN.KZ редакциясының Instagram парақшасына жазу арқылы айтар қызықты оқиғаңызбен немесе жан сырыңызбен бөлісе аласыз.