Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жас алаш» газеті туралы тың деректер

«Жас алаш» газеті туралы тың деректер
ашық дереккөз
"Жас алаш", Ғани Мұратбаев. Сөз─маржан. Жұмыр жер. Біздің елдің жігіттері. Жанартау.
"Жас алаш" газетінің мақсаты қандай және оның алғашқы редакторы кім болған? Оның қандай қызықты айдарлары болған және қандай мәселелер қозғалғандығы туралы тың ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз. «Жас алаш» газеті 1921 жылдың 22-наурызында Ташкент қаласында жарық көрді. Оны шығарушы – Ғ. Мұратбаев, ұйымдастырушысы – Ташкенттегі қазақ-қырғыз институтының студенттері болатын. Кезінде «Оның тұтқан жолы, көздеген мақсаты-қазақ, ㅤқырғыздың еңбекшіл жастарының ұлы дәуір ұранына қамдамақ, төңкеріс ағымымен таныстырып, көзін ашып, көңілін оятпақ. ㅤҚазақ, қырғыз еңбекшіл жастарын ұрандастырып, ұйыстырып, бытыраңқы бастарын қосу» деп түсіндірілді. Бірінші нөмірде І. Жансүгіровтың «Жас замандастарға» деген бас мақаласы, «Жалпы жасқа» арнаған өлеңі жарияланды. С. Есова қазақ-қырғыз қыздарына революцияның не бергенін, ендігі міндеттерін түсіндірді. Екіншіден, «Ер-азамат жастарға» арнауында оларды ұйым болып бірігуіне үндеді. Ал, бүгiнгi таңда  88-ге келсе де мәңгiлiк жастық рухын жоғалтпай отырған «Жас Алаш» газетiнiң  алғашқы нөмiрi 1921 жылдың 22-ㅤнаурызында Ташкент қаласында шыққан. Тұңғыш редакторы – Ғани Мұратбаев. Бiрақ көп ұзамай қағаз тапшылығынан және қаржы жоқтығынан бұл басылым жабылып қалады да, енi оның орнына 1922 жылдың 1-қыркүйегiнен бастап Орта Азия бюросының һәм Түркiстан Ортақшыл Жастар Ұйымы комитетiнiң он күндiк  газетi «Жас қайрат» шығарыла бастады. Редакторы болып Е. Алдоңғаров бекiтiлдi. Ғани Мұратбаев аз ғана уақыт ішінде өзін үлкен қоғам қайраткері, талантты ұйымдастырушы, дарынды журналист, редактор, публицист, аудармашы ретінде танытып кетті. Ғ. Мұратбаев редакторлықтан босағанымен, газеттен қол үзбеген.  Оның осы газеттің 1923 ж. 2 ақпандағы «Жәрдем керек» деген мақаласы, С. Баймаханов редактор болған «Жас қайрат» журналының 1924 жылғы ㅤқаңтарындағы «Қадірлі жастар жадына» деген алғы сөзі газет үшін күрестің, уақытша журналға айналдырса да, оны сақтап ㅤқалу үшін талпыныстың тарихи айғағындай болып есте қалды. «Жас алаш» газетіне жарияланған Ғани Мұратбаевтың «Жетісу мәселесі һәм қазақ-қырғыз мәселесі» деп аталған мақаласында Жетісудың экономикасын қалпына келтіру үшін бұрынғы отаршылардың меншігі болған жер-суды халық игілігіне пайдалану керектігін, өлкеге қолынан іс келетін білікті азаматтарды жіберу, оқудан бос кездерінде жастарды тартудың маңыздылығын көрсетіп берді. Сонымен бірге жастарды оқуға тарту, жастар ұйымдарын ашу қажеттігін де ұсынды

«Жас ㅤАлаш» газетінің ㅤұжымы қоғамда ㅤболып жатқан ㅤтүрлі жаңалық, ㅤөзгерістерден шет ㅤқала алмады. ㅤЖылт еткен ㅤжақсылық атаулыны ㅤсол мезетінде ㅤқұп алып, ㅤоқырмандарына жеткізіп ㅤотырған. Газет ㅤсандарын парақтап ㅤотырар болсаңыз, ㅤжурналистердің ерекше ㅤбір шығармашылық үрдіс жағдайында ㅤкең тыныспен ㅤеңбек еткендігін ㅤаңғарар едіңіз. ㅤҰлттық ұғымға ㅤтән, көзге ㅤбірден ұрып ㅤтұратын айдарлар ㅤпайда болды. ㅤ

Экономика – қоғам дамуының басты діңгегі. «Жас Алаш» газеті бұл мәселеге атүсті қарамаған. ㅤЕліміздің экономикасына аса назар аударып, арнайы айдармен газет бетінде орын алған. Бұл айдардың негізгі мақсаты – аймақтың экономикасын тез арада дамытып, оның сала-салаларын тереңдетуге айрықша мән беру. Жаңа сәтті қадамдар көп жасалынды. Мәселен, облыстың экономикасын бұрынғы даму деңгейіне көтеру үшін, өзендеріне кішігірім су электр ㅤстансаларын салу, сөйтіп бұл өңірді арзан электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында небір тың іс-шаралар жүзеге ㅤасырылды. Даңғайыр диқандардың бай тәжірибелері газет бетінен барынша кеңінен насихатталады. Бұл айдардың жауапты шығарушысы Болатбек Абаған болды.

Газеттің ㅤәр сенбісінде «ㅤТұлға» айдары ㅤүзбей беріліп ㅤтұрады. Мұнда ㅤеліміздің ертеңі ㅤүшін қызмет істеп, еңбек еткен азаматтарымыздың өміріне тоқталып, сол жайлы мәлімет беріп отырған. Осы айдардың арқау еткен тақырыптарының ішінде маған ең ұнағаны "Дара тұлға, дана басшы" деген тақырыпта Д. Қонаев туралы естеліктер болды. Осыны оқи отырып, Д. Қонаевтың басқаша қырынан танып, көзқарасым өзгерді. Әрбір газеттің соңғы беті облыс қауымының қуанышымен бөлісіп, қайғысына ортақтаса біледі. Сонымен қатар «Сөз ─ маржан» деген айдар әрдайым шығып отырған. Бұл «Жас Алаш» газетінің этнографиялық-танымдық бөлімі. Мұнда даналардың сөзі, ұлылардың ұлағатты сөздері, билер бітімі жарияланып тұрады. Бұл айдардың негізгі көздеген мақсаты – ұрпағымызға ұлтымыздың ұлы істерін дәріптеп, ұмыт болып бара жатқан өнерімізді жаңғырту.

 Газетте «Оспанханның отауы» деген әзіл-сықақ айдары да бар. Мұнда әдебиет үрдісіндегі сатира әдісін қолдану арқылы шындықты жеткізе біледі. Қоғамда белең алған келеңсіздіктерді астыртын тілмен айтуға тырысқан. Мысалы, «Жалаңаш келін» деген бір әңгімесінде қазіргі сегізкөз бен жамбас сүйектерінің арасын айқара ашып жүрген қыздарымыздың теріс қылықтарын жазған. Астарлап жеткізу арқылы ащы шындықтың бетін аша түседі.

«Жас Алаш» газеті жасөспірімдерді де назардан  тыс қалдырған жоқ. «Талшыбық» балалар бұрышы әр аптада бір рет жарық көріп отырған. Мұнда өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың санасына лайық мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер жариялап отырған. Сонымен бірге балалар санасын қызықтыратын жәйттарды үзбей беруді дәстүрге айналдырған.

Газет өз еліміздің хабарын ғана емес, өзге елдің өзекті жаңалықтарынан хабардар етіп отырған. «Жұмыр жер» айдары шет елдердегі болған таңғаларлық, қызықты мәліметтерді жария етеді. Алғашында оқырмандар бұған сенімсіздік танытады. Алайда «естімеген елде көп» деген бар емес пе, барлығы шындыққа келіп тіреледі. Басылым бір ғана бағытпен жүрмей, ㅤқоғамның әр саласын қамтитынын әрбір бетін парақтай отырып көз жеткізесіз. Экономика, әлеумет, мәдениет, әдебиет ㅤсалаларындағы елеулі жаңалықтарды жеткізіп, оқырманды хабардар етіп отырған.

«Жас Алаш» газетінің бетіне 2007-ㅤжылдан бастап жаңа айдарлар қатары қосылды. «Біздің елдің жігіттері», «Айтар мезет», «Жанартау», «Қанат қағар» деген айдарлар газеттің сәнін кіргізіп, оқырмандар аясын кеңейте түсті. Бұлардың әрқайсысының алға қойған мақсаттары әр түрлі. «Жас Алаш» газетінің әдебиет бөлімі «Қанат қағар» атты жаңа айдарын өз оқырмандарына ұсынып отыр. Мұндағы газеттің мақсаты – есімі әлі таныла қоймаған дарын йелерін (ақын, суретші, прозаик т.б) насихаттау. Шалғай ауылдарда жүріп-ақ шашасына шаң жұқтырмайтын, шабыты шыңға өрлеген өрендеріміз жетерлік. Ал оларға рухани дем беру үшін айына бір рет «Қанат қағар» айдары қалың оқырманмен жүздесіп отырады. Айдардың алғашқы қонағы жас суретші – Талғат Сүлейменов болды.

Ол Алакөл ауданы, Үшарал ауылында туған. Ауыл баласы дала өмірін қылқалам арқылы бейнелегенді жақсы көреді. Оның суреттері шынайы өмірді сол қалпында көрсетумен құнды. Талғат бойындағы өнер адамына деген шыншылдық, өмірге деген терең көзқарас, алға қойған мақсатқа жетпейінше талмай еңбектенетін ізденісті әр суретінен көруге болады. Келесі сандағы бұл айдардың қонағы – жас ақын Шұғайып  Ақынұлы екен. Біздің елде екі сөздің басын құрап, ауыз екі әңгімеде алдына жан салмайтындар жетерлік. Бірақ оның бәрін ақын деп қарағанымыз жөн болмас. Ақын─ Алланың назары түсіп, ана құрсағында жатқанда-ақ дарып, кейін жарық дүниенің есігін ашқанда ана сүті арқылы бойға сіңеді. Ақын пайғамбардың жердегі елшілері, яғни, ақын киелі ұғым. «Дүниенің жүрегін ақыннан сұра білмесең»- деп Мұқағали тегін айтпаса керек. Газеттің «Қанат қағар» айдары ақындық ауылға ат басын бұрған жас таланттарға жолашар жасауды ㅤдәстүрге айналдырған. Газеттің осы санында атажұртын аңсап келген қандасымыз Ш. Ақынұлының «Күнделік», «Тау», «Сауал», «Қоңырмын» деген өлеңдері жарияланған.

«Жас Алаш» газетінің руханият бөлімі «Жанар тау» атты айдар ашқан, оған  жауапты - Жұматай Әміреев.  Айдар ㅤарқалаған ауыр ㅤжүк– ұлттық ән-күйді халықпен қайта қауыштыру еді. Бұл айдар «Жаһанданумен ой санаң кетпесін десең сұйылып, сиқырлы сұлу сазбенен жаныңа жатқан құйылып, қайсар қазақ жұртының әнін ㅤтыңдап, күйін ұқ» деген ұранды арқау етеді. Ал «Айтар мезет» айдары газеттің әр санынан көрініс табады. Ол айтар ойын қысқа әрі нұсқа жеткізеді. Аз ойдың астарында қаншама шындық, ойландырар ой жатады .

Газет қоғамның әр саласынан хабар беріп отырды. Әр түрлі атаумен шыққан айдарлары түрлі мәселелерді көтеріп, оқырманға жеткізе білді. Газеттің аясы күннен- күнге кеңейіп, көтерер жүгі де ауырлап келеді. Басылымға деген халықтың сұранысы артып, оқырмандар қауымының саны күн санап артуда. Демек, «Жас Алаш» газеті халықтың көзі мен үні бола біліп, елі үшін қызмет етіп келеді деп толық сеніммен айта аламыз. Осындай басылымдар көбейіп, халыққа игі ㅤістер атқарса нұр үстіне нұр болар еді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар