Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда Nissan өртеніп, жүргізуші тірідей жанып кетті

Алматыда Nissan өртеніп, жүргізуші тірідей жанып кетті
ашық дереккөз

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты. Бүгін түс ауа Дулати көшесімен келе жатқан «Ниссан» көлігі отқа оранып, әл-Фараби көшесінің қиылысында тұрған патрульдік полиция көлігіне соғылған.

Полиция қызметкері апаттан ауыр жараланған. Оны қаладағы ауруханалардың біріне алып кетті. Ал қызыл жалынға оранған «Ниссан» көлігінен тірідей жанып кеткен жүргізушінің денесі табылды. Қазір жол сақшылары жеңіл көліктің неден өртенгенін және тізгінде болған азаматтың аты-жөнін анықтап жатыр.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар