Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда бүтін бір отбасы шиферден тұрғызылған күркеде тұрып жатыр

Алматыда бүтін бір отбасы шиферден тұрғызылған күркеде тұрып жатыр
ашық дереккөз
Отағасы қыс түспей екі бөлмелі болса да баспана тұрғызуды армандайды
Алматы облысында  бір отбасы бірнеше айдан бері шифердан тұрғызылған күркеде тұрып келеді. Пәтер жалдауға жағдайлары келмегендіктен осындай күйге түскен. Отағасы қыс түспей екі бөлмелі болса да баспана тұрғызуды армандайды.  Ал жергілікті атқамінерлер отағасына жұмыс та тауып береміз, асарлатып үй де саламыз деп уәде берген. Бұл туралы KYN.KZ Евразия арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бексұлтанның отбасы бірнеше айдан бері осы күркені паналалауға мәжбүр. Пәтерге төлейтін ақшалары болмағандықтан, мына жерге ескі шипырлардан уақытша баспана тұрғызып алыпты. «Балаларға қолайсыз болып жатыр. Қолайсыз болса да осы жерде тұрып жатырмыз. Кейбір кезде  дәу тышқандар бар, кіріп кетеді. Маса, шыбын-шіркейлер бар балаларды шағып кетеді әйтеуір» - дейді Өрнек ауылының тұрғыны Нәбира Манап. Жергілікті дәрігерлер отбасының тұңғышы Ерзат арнайы есепте тұратынын айтады. Бала тұқым қолайтын ауруға шалдығыпты. Салдарынан көп қан жоғалтқан. Ал жүрегінде ақауымен туылған кенжелері де дәрігерлер бақылауында екен.  Айтуларынша дәрі-дәрмекпен тегін қамтылуда. «Тромбацид  деген зат бар қанның құрамында. Ол бір-біріне жабысып ұю керек.  Біз кездерде қан көп жоғалтып, сол ұйымау себебінен бала анемия қан аздықпен зардап шегеді. Сол үшін біз оған ферабит деген тегін дәрі береміз. Қан толтыратын» - дейді Балтабай ауылдық дәрігерлер амбулаториясының балалар дәрігері Гүлжаз Тұрдыбек. Мына шипырдан тұрғызылған нысан  бір қарағанда құрылыс материалдарын сақтауға арналған жаппа сияқты болып көрінуі мүмкін. Алайда бұл бес жаннан тұратын Самсабектер отбасының негізгі баспанасы. Отағасының басты арманы қара күзге дейін мына жерден екі бөлмелі үй тұрғызу. Ақысын төлей алмаған соң жалдамалы пәтердің қожайыны оны босатуды сұраған. Ал қолжетімді  ақшаға өзгесін таба алмаған отағасы өзінің жер теліміне шағын баспана соғуды ұйғарыпты. Бірақ оның да ақшасын да әлі толық өтемеген. Құрылыс материалдарын да қарызға алғанын айтады. «Мына кірпішті қалайын деп тұрмын. Ана ағаш нелерді бір ағалар қарызға алып берді. Ақырын-ақырын аздан төлеп тұр деп алдым. Енді ана кірпіштерді қалап, көрем енді. Жетпей қалса және де көреміз енді» - дейді Өрнек ауылының тұрғыны Бексұлтан Самсабек. Ал ауылдық округ әкімі бұл отбасы күркеде емес, жанындағы пәтерде тұрады деп сендірмек болды. Дегенмен ауыл халқын асарға жұмылдырып, қыс түскенше екі бөлмелі үй салуға жәрдесеміз деп уәдені үйіп төкті. Көп ұзамай құрылыс жұмыстарын басталмақ. «Пособия алу үшін, біз оны, жұмыспен қамтып, қазір бізге жұмысқа кірді. Алдымен өзі жұмысқа кірді, содан кейін пособиясын назначать етті, осы айдың аяғында алады. 35-40 мың алады» - дейді Балтабай ауылдық округінің әкімі Жұман Мықыбаев. Осылайша, ауыл әкімі бұл отбасын назардан тыс қалдырмаймыз деп сендірді. Біз де бұл мәселені назарда ұстайтын боламыз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар