Басты жаңалықтар
Түркістан облысының тұрғындары құжаттарын ауыстыра ма?
- автор kyn.kz
- 22 маусым, 2018
- 272
Түркістан облысының тұрғындары құжаттарын ауыстырып, әуре-сарсаңға түспейді. Әділет министрі оңтүстік аймақтың аты өзгергенімен, адамдарының осы күнге дейін алып қойған құжаттары сол күйінде қала беретінін айтты деп хабарлайды KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып. Марат Бекетаев, Әділет министрі: -Ештеңені ауыстырудың қажеті жоқ. Заң бойынша қазіргі куәлік пен төлқұжат жарамды. Оны құжаттың мерзімі біткенде немесе қайта тіркегенде ғана ауыстыра алады.
Төлқұжаттағы «туған жері» деген тұста Оңтүстік Қазақстан облысы деп қала бермек. Мерзімі аяқталған соң ғана Түркістан облысы болып өзгереді. Осы сейсенбіде президент жарлығымен Шымкент қаласының республикалық мәртебе алып, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысы деп ауысқаны белгілі. Марат Бекетаев мемлекеттік сот орындаушыларына осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға кеңес берді. Министр заңгерлерді Түркістан облысында жұмыс істеуге шақырды.