Басты жаңалықтар
Түймебаев Түркістанның жаңа бейнесін жасау үшін шетелден сәулетшілер шақырмақ
- автор kyn.kz
- 22 маусым, 2018
- 287
Осы Түркістан облысының орталығы Түркістан шаһарын түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. Киелі қалада келешекте әуежай мен автовокзал салынып, қала символдарының бірі ескі темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өткізілмек деп жазады KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып.
Шымкенттен көшіп баратын облыстық шенеуніктерге 170 гектар жерге жаңа әкімшілік орталық салынатын болды. Ал, жоспар бойынша 65 мың тұрғын үшін 300 гектар жерге көпқабатты үйлер тұрғызылмақшы. Түркістанның жаңа бейнесін шығыс үлгісі бойынша өзгертеміз деген облыс басшысы көмекке шетелдік мамандарды шақыртпақшы екен. Жаңа облыстың орталығы әзірге әкім ауыстырумен басталды. Мыңжарым жылдық тарихы бар қаланың әкімі 7 ай бұрын ғана осы Түркістанның әкімі болып кеткен Әліпбек Өсербаев тағайындалды.