Басты жаңалықтар
Бекболат Тілеуханның тілшілерді алдаусыратпақ болған сәті желіде күлкіге айналды (видео)
- автор kyn.kz
- 23 маусым, 2018
- 295
Тілші: Бекболат аға сіз Қазақстанның азаматы, ел сайлаған депутат ретінде өз атыңыздан жауап беріңізші
Дәстүрлі әнші, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан 2020 жылғы сайлауға қатысты пікір сұраған тілшілерге жауап беремін деп күлкіге қалды.
Мәжіліс депутаты "қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылғы сайлауға қатысқаны дұрыс па?" деген сұраққа жауап беруге қиналып, бұл сөзді шығарған кісіге қарай сілтеп жібермекші болған. Бірақ жиналып қалған қазақстандық арналардың тілшілері ол кісіге, жауаптан жалтаруға мүмкіндік бермеген. Сол сәттің видеосын көрген жұрт түрлі пікірде қалған. Бірақ тілшілер қойған сұрақтың депутатқа аса ауыр болғаны әрекеті мен қылығынан анық көрініп тұр.