Басты жаңалықтар
Танымал қолөнерші: Қарақат, сенің бетің ғана жылтыр, арың жамауға келмейді (видео)
- автор kyn.kz
- 23 маусым, 2018
- 319
Танымал қолөнерші Ырза Тұрсынзада Қарақаттың екіжүзділігін елдің көзінше бетіне басты
Отандық танымал жұп Қарақат пен Қыдырәлінің төңірегінде дау туды. Белгілі қолөнерші Ырза Тұрсынзада Қарақатты не үшін балағаттап тастады. Бұл туралы KYN.KZ Ел аузында бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ырза Тұрсынзада Астанадағы Абылай хан, 22 мекенжайында орналасқан "Алтын Орда" халықаралық қолөнер академиясын басқарып келген. Ол ғимаратты 2009 жылдан бастап жалға алады екен. Кейінірек әкімдік оны жол салу үшін алып тастайтынын айтқан.
"Ол кезде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов болатын. Мен сол кісіге жолығып, бар жағдайды айтып түсіндірдім. Ұлттық өнерімізді, салтымызды жаңғыртатын орталық екенін айттым. Иманғали мырза маған көмектесіп, коттедж сол күйі қалған еді", — дейді Ырза Тұрсынзада. Алайда биыл сәуір айында этнодизайнер сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жанынан құрылған топ мүшесі ретінде өңірлерді аралап кеткен уақытта, коттедждің есігін біреулер болгаркамен кесіп, он-он бес адам ғимаратқа рұқсатсыз басып кірген көрінеді. Ырза Тұрсынзада кейінірек коттедждің жаңа иесі Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина екенін білген. Ал жұлдызды жұп дизайнер іссапарда жүргенде коттеджді тартып алмақшы болған. "Мен талай адамды ол орталықта қолөнерге баулыдым. Сонымен қатар онда тегін шеберлік сағаттары өтетін студия орналасты, ұлтымыздың бірегей жәдігерлері сақталған. Біздің есігіміз әрдайым ашық еді. Әкімдік қызметкерлері қалаған уақытында келіп, кіре алатын. Кейін мен әкімдік қызметкерлерінен келісімшарттың Қыдырәлі Болманның қолына қалай түскенін сұрадым. Сөйтсем, келісімшарт "Айсұлтан ЛТД" компаниясымен жасалыпты. Ал сәуірде Алматы аудандық сотының сырттай шешімі негізінде есікті болгаркамен кесіп, еш ескертусіз кірген. Сот шешімі жазылған конвертті менің әріптесіме ұсынған. Жеке басқа қол сұғушылық болмау үшін, әріптесім бұл хатты ашпаған", — дейді Тұрсынзада. Бір-екі тонау фактісі, тағы басқа келеңсіз жайттар болған кезде, Ырза Тұрсынзада коттежде істеген қыз-келіншектеріне бөтен біреуге есікті ашпауды тапсырған. Дизайнер жұмыс бабымен өңірлерді аралап жүргенде, әкімдіктегілер осы себептен коттеджге кіре алмапты. "Қарақат маған жан апам деп сөйлейді. Қарақатты білесіздер, оның тілі бал. Қазір осы эфирді пайдаланып мынаны айтқым келеді: бал тіліңнен у тамған Қарақат екенсің. Мен бұл сөзді, Қарақат сенің жеке басыңа арнаймын", — деді әбден ашынған Тұрсынзада. Дизайнер бір кездері аталмыш ғимаратты заңдастыру үшін әкімдікке құжат жинап жүргенін Қарақатқа айтқан екен. Әкімдер ауысып, оны ретке келтіре алмай жүрген уақытта Қыдырәлі бұл коттедж ешкімге тіркелмегенін біліп, "Астана" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен келісімшартты өзі бекіткен көрінеді. Осыған қатысты Қыдырәлі Болмановтың көмекшісі пікір білдіріп, ғимаратты бос тұрғандықтан алғандарын жеткізді. Шоу-бизнес өкілдері ғимаратты дизайнер жалға алып отырғанынан хабарсыз екен. "Былтыр қыста Астана әкімі қатысқан үлкен форумда Қыдырәлі Нұртайұлы балаларды оқытуға арналған ғимарат сұрады. Бос ғимарат болса, МЖӘ аясында рәсімдеу туралы ұсынысын айтты. Әкім де оны бірауыздан қолдап, сөйтіп ол бірден ӘКК-ге тапсырылды. ӘКК бізге 5 ғимараттың мекенжайын берді. Құжатта ғимараттың барлығы бос, еш жерде тіркелмеген деп көрсетілген", — деді көмекші Баттал Жұмағадинов. Сондай-ақ көмекші Қарақат пен Қыдырәлінің бұл іске еш қатысы жоқ екенін атап өтті. "Бұл жерде нақты сөйлейтін қағаздар деп ойлаймын. Егер біреу тіркелген болса, әкімшілік ешкімге ұсынбайды ғой. Солай емес пе? Тұрсынзаданың жалға алғанын жақында ғана білдік, келісімшартқа отырғаннан кейін. Кейін ол кісіге хабарласып едік, телефонды ешкім көтерген жоқ", — деді ол. Айта кетейік, Ырза Тұрсынзада Ел аузында бағдарламасы барысында: «Қарақат сенің бетін жылтыр екен. Бірақ сол жылтыр бетіннің артында жамауға да келмейтін жыртылған арын жатыр», - деп айтты. Жұмағадиновтың айтуынша, Ырза Тұрсынзададан тартып алынған коттеджде Қарақаттың балаларды дамыту мектебі ашылмақ.Ырза Тұрсынзада Қарақаттың мінезі жайлы. Толығырақ KYN.kz сайтынан оқыңыз.
Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)
Келесі мақала