Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ондай сәтте ештеңе ойламайсың". Үш мәрте ерлік жасаған жас полицей нені армандайды?

"Ондай сәтте ештеңе ойламайсың". Үш мәрте ерлік жасаған жас полицей нені армандайды?
ашық дереккөз
Бүгін Қазақстан полициясының құрылғанына – 26 жыл
Бүгін – Отан үшін отқа да, суға да түсуге даяр, ел қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін өмірін қатерге тігіп жүрген батыл жандардың төл мерекесі. Sputnik Қазақстан тілшісі мерекеге орай бірнеше адамды ажалдан құтқарған жас полицей Азамат Балтабаевпен әңгімелескен еді. "Елімді қорғағаным – ата-анамды қорғағаным" 27 жастағы Азамат Балтабаев құқық қорғау органдарында 2013 жылдан бері қызмет етеді. Ал қазір – Астанада жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы. Оңтүстіктегі Сарыағаш қаласында дүние есігін ашқан ол полиция қатарында қызмет етуді бала кезден армандапты. "Әкем – жүргізуші, анам дәрі шығаратын зауытта жұмыс істейді. Үй ішінде құқық қорғау органдарында қызмет атқарған ешкім болған жоқ. Десе де, менің осы абыройлы қызметті таңдауымда анамның үлесі болған шығар деп ойлаймын. Бала кезде менің қызыққан дүниеме ол кісі де назар аударып, әрқашан демеу болып жүрді", — дейді Азамат. Орта мектепте оқып жүргенде, ата-анасы бала Азаматтың әскери салаға қызығушылығын байқап, Қарағандыдағы Талғат Бигелдинов атындағы әскери мектеп-интернатқа оқуға берген. Ол кезде Азамат небары он төрт жаста. Кейін әскерге аттанып, Отан алдындағы борышын өтейді. Осылай жалғасып, полицияға жұмысқа тұрады. "Осы салаға қатты қызыққаннан кейін бе, қолды бір сілтеп, тастап кету деген ой ешқашан болған емес. Әрине, оңай емес, кейде түрлі қауіп-қатермен бетпе-бет келесің. Десе де полиция қатарында қызмет еткеніме қуанамын. Елімді, жерімді қорғағаным – ата-анамды, отбасымды қорғағаным деп білемін", — дейді ол. Қазір Азамат – бір ұл мен бір қыздың әкесі. Қызы бірінші сыныпқа, атұстары балабақшаға барады екен. Болашақта көп балалы әке атануды армандайды екен. "Көп балалы болу – әр қазақтың арманы ғой. Әр бала өз несібесімен келеді. Бала – ол бақыт", — дейді аға-лейтенант. Бір емес, үш мәрте ерлік жасаған Полиция қызметі үнемі қырағылық пен сақтықты, батылдық пен жылдамдықты қажет етеді. Азаматты осы талап үдесінен шыға білген сақшылардың қатарынан деп нық сеніммен айта аламыз. Құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүргеніне небәрі бес жыл болса да, үш мәрте ерлік жасаған. Алғаш рет көпірден секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған өзі қатарлас жігітті ажал аузынан аман алып қалады. Оқиға былтыр жазда болған. "Таңертең жұмысқа кетіп бара жатсам, жедел басқару орталығынан хабарлама түсті. Қабанбай батыр көшесінде, "Рамстор" көпірінде ер адам суға секіргелі жатыр екен. Әріптесім екеуміз екі-үш минуттың ішінде жетіп бардық. Бас кезінде бақылап, сөзге тарттық, ондағы мақсатымыз – секірем деген ойынан айныту болатын. Алайда әрекетімізден түк шықпады. Телефонмен сөйлесіп тұрған еді, бір кезде телефонды төменге лақтырып, "прощайте" деді, суға құлады. Мен еш ойланбастан соңынан секірдім. Менің артымнан Франция елшілігінің қауіпсіздік қызметінде істейтін полицей де суға күмп берді. Екеулеп жаңағы жігітті аман-есен шығарып алдық", — деп еске алды сол күнді Азамат. "Ондай сәтте ештеңе ойламайсың. Сенің бар ойың – адамды аман алып қалу. Көпірден секіргенде, өз басымды емес, ана жігітті құтқаруды ғана ойладым", — деді ол. Тағы бір де қырағы полицейлер Астанадағы элиталы тұрғын үйлердің бірінде пәтер жанып жатқанын көріп, жедел басқару орталығына хабар береді. Айтуынша, әріптесі екеуі сол күні Сарайшық-Қабанбай батыр қиылысы жағында кезекшілікте жүрген. Бағдаршамда тұрғанда, көп қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртеніп жатқанын көзі шалған.      
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар