Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жатарға орын жоқ еді": Атыраудағы жалғызбасты әкенің тағдыры

"Жатарға орын жоқ еді": Атыраудағы жалғызбасты әкенің тағдыры
ашық дереккөз
"Нұр Отан" партиясының депутаты көпбалалы әкеге сыйлық жасап қуантты
Атырауда жалғызбасты әке төрт баланы асырап отыр. Бірнеше жыл бұрын Қайрат Алипановтың әйелі күйеуі мен балаларын тастап кетті. Балалардың тәрбиесімен жалғыз әкесі айналысып келеді. Ер адамның үлкен қызы — 16 жаста, ал кенже ұлы небәрі үш жаста. Олардың бұрын өз пәтері болмаған еді, деп хабарлайды "Астана" арнасы. Күнкөріс қамы үшін жалғызбасты әке бірнеше жерде жұмыс істейді. Жақында күтпеген сыйға ие болды: партия дептутаты үйдің кілтін сыйға беріпті. "Бұрын жалдамалы пәтерде ешқандай жағдаймыз жоқ еді, сыймайтынбыз, жатарға орын болмайтын. Қыздарым болса есейіп келеді. Депутаттың сыйлығына мың да бір алғыс. Бұл мен үшін үлкен көмек", — дейді Алипанов қуанышымен бөлісіп. Ер адам қоныс тойын қиын кезде қол ұшын созған жақындарының арасында атап өтті.      
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар