Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шығыс Қазақстанда күдіктіні азаптап өлтірген полицей жауапқа тартылып жатыр

Шығыс Қазақстанда күдіктіні азаптап өлтірген полицей жауапқа тартылып жатыр
ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында күдіктіні қинап өлтірген тәртіп сақшылары тергеліп жатыр. Мақаншы аулындағы полиция бөлімшесіне өз аяғымен келген 33 жастағы азамат тергеу кезінде өліп қалған. Марқұм мал ұрлады деген күдікпен ұсталған екен.

Бүгін қайтыс болған азаматтың туыстары полиция бөлімшесіне келіп айқайға басты. Ашуға булыққандар жақынын қинап өлтіргендердің қатаң жазалануын талап етуде. Осы шудан кейін ауылға дереу облыстық полиция департаментінің басшысы келді. Сағат Мәдиев тергеу тобы құрылып, тиісті сараптамалар тағайындалғанын айтты.  

"Аталмыш фактімен Өзіндік қауіпсіздік басқармасы «Қинау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Процессуалдық прокурорлардың тобы тағайындалды. Жақын туыстарының қатысуымен оқиға орнын қарау жүргізілді. Қажетті сараптамалар, оның ішінде паталогоанатомиялық зерттеулер өткізілді, әзірге сараптама нәтижелері дайын емес",- дейді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар