Қыз баласы неше жасында жыныстық қатынасқа дайын болады?
- автор kyn.kz
- 9 қараша, 2020
- 1.4k
Ұл балаларға қарағанда қыздардың ертерек бойжететіні белгілі. Бойжетті деген ол ана болуға дайын деген сөз емес. Мектептің жоғарғы сыныбына көшкен қыздардың дені махаббат машақатына түседі. Бірі жауапсыз махаббатымен әуе, екіншісі өз махаббатын тауып соған қолжеткізуге ынтық. Бірақ ол сезімдер көп жағдайда сол сәтте жастардың басты мәселесі болғанымен өсекеле оны күлкілі жатқа балауға тура келеді.
Қыздар қай сәтте жыныстық қатынасқа физикалық және психологиялық тұрғыда дайын болады?
«Бойжеттім» деп өзінше ой түйетін бұрымдылар жоғарғы сыныпқа аяқ басқанда-ақ, төсек қатынасына дайынмын деп ойлауы мүмкін. Бірақ мұның қате екенін келтірілген мәліметтер дәлелдейді.
Мұндай маңызды істе өзіңізді тыңдаған дұрыс. Ішкі сезім не дейді? Егер сүйікті жігітіңіз «мені шын сүйсең, менімен қосылуың керек» деген шарт қойса, онда оның сізге деген сезімі шынайы емес екендігін көрсетеді.
Шын сүйген адам күтеді, бағалайды және ешқашан асықтырмайды. Құрбы қыздарыңызға еліктеп олардан да ақыл-кеңес сұрамаңыз. Тек өзіңізді тыңдаңыз. Егер жігітіңізбен өзіңіз жыныстық қатынасқа түсуге бел бусаңыз, онда көптен бері танитын, өзіңіз шын көңіліңізбен қалайтын адаммен болыңыз. Бірінші жыныстық қатынасқа түсу әрбір ару үшін көп дайындықты қажет етеді. Дәрігерлердің айтуынша, жас қыздардың жыныс мүшелерінің ішкі қабатының микрофлорасы дұрыс қалыптаспаған деп саналады. Қынаптың ішкі қабаты жұқа болады.
Сол себепті оған зақым келіп, ісіп қызару процесі болуы мүмкін. Әрі бұл жаста асқан сезімталдық да болмайды. Жас қыздың дене бітімінің толығымен қалыптасып бітуі 17-18 жаста аяқталса, ал, оргазмды 19-20 жасында ғана сезіне алады екен.
Сол себепті қыздарымыздың толықтай жетіліп, тұрмыс құрғанша жігітімен жақындаспауы абзал. Өзін қажетті деп санап, жігіттің сөзіне еру – жас қыздарға тән құбылыс. Бірақ сөз соңында 20 жасқа дейін, оң-солын таныған кезде ғана осы бір үлкен қадамға ойланып барса екен дегіміз келеді.