Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанла ПТР тестінің нәтижесі жоқ жолаушылар ұшақ пен пойызға отырмайды

Қазақстанла ПТР тестінің нәтижесі жоқ жолаушылар ұшақ пен пойызға отырмайды
ашық дереккөз

Қазақстанның ішіндегі пойыз және ұшақ қатынастарын тұтынатын жолаушылар бұдан былай ПТР тестінің нәтижесі болмаса басқа қалаға жеткізілмейді. Билеті бар болғанымен олар ұшаққа жіберілмейді, заң солай. Бұған мысал, өткен жұмада ПТР-анықтамасы жоқ 104 жолаушы ұшақ бортына алынбаса, 787 жолаушы вагондарға кіргізілмеген, деп жазды KYN.KZ.

Өткен аптада 891 адам ПТР-анықтамасы болмағандықтан Шығыс Қазақстан облысынан шыға алмай қалды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

"2-8 қараша аралығында пойыз бен ұшаққа билет алған 891 адам ПТР-анықтамасы болмағандықтан Шығыс Қазақстан облысынан шыға алмады", - деп жазды Байғабылов Facebook-те.

Коронавирусқа тест тапсырмаған 104 жолаушы ұшақ бортына алынбаса, 787 жолаушы вагондарға кіргізілмеген.

Көліктегі бас санитарлық дәрігердің мәліметінше, өткен аптада ПТР-анықтамасы бар 2960 адам ШҚО-дан басқа өңірлерге ұшып шықты. Теміржол көлігі арқылы 3941 жолаушы аттанды.

9 қарашадан бастап әуе және теміржол көлігімен Солтүстік Қазақстан облысынан шығуды жоспарлаған тұрғындардан да ПТР-анықтама талап етіледі.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар