Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаментінің директоры: Мұз қала салатын ақшаға мұқтаждарға үй алып берейік

Жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаментінің директоры: Мұз қала салатын ақшаға мұқтаждарға үй алып берейік
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Үкімет басшыларына өз өтінішін айтып қарапайым халықтың ықыласына бөленді, деп жазды KYN.KZ.

Оның сөзінше Жаңа жылды тойлау кезінде салынатын мұз қалаға кететін қаржы ішімдікке салынғыш адамның әрекетіне ұқсас. Әдемілік үшін айтарлықтай ақша бөлініп, соңы күн жылынып ол сұлулық суға айналады.

"Құрметті Үкімет басшылары! Биылғы жаңа жылда қазынадан қаржы бөліп, қардан қалашық салмай-ақ қойыңыздаршы. Миллиондаған қаржысын суға ағызып жіберу ақылды адамның әрекетіне жатпайды-ау. Оның орынына бр адамға болсын баспана салып берсек жылдың босқа өтпегені.
Үш күндік қызыққа бола үш жүздің баласына жетерлік ақшаны шашып, тойдан кейін екінші күні басы ауырған маскүнемге ұқсап ішерге су таппай отырудың несі қызық?!.,-деп өз ойын жеткізді Арман Бердалин

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар