Құралай Нұрқаділова қызы Нұрбибі жайлы елді қызықтырған сұраққа жауап берді
- автор kyn.kz
- 13 қараша, 2020
- 1.5k
Танымал дизайнер әрі бүгінде психолог ретінде халық арасында еңбек етіп жүрген Құралай Нұрқаділованы халық жан-жақтан сұрақтың астына алуда.
Елді қызықтырған дүние атақты дизайнердің қызы Нұрбибімен қарым- қатынасы, оның ұстанымына көзқарасы.
Желідегі парақшасы арқылы тікелей эфирде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, тәрбие, реніш жайлы психологиялық кеңес айтқан Нұрқаділованы көпшілік "үйіңдегі қызыңа айт бұл ақылды" деп сынаған. Желі қолданушылары дизайнерге ауыр сөздер жазып, тіпті оның дұрыс ана болғанына күмәндана сөйледі. Халыққа өз ашуы мен эмоциясын ұстауды үйретіп жүрген Нұрқаділова тыңдарманының сұрағына ашық жауап берді, деп жазды KYN.KZ.
"Нұрбибі Нұрқаділова сіздің қызыңыз ба әлде немере сіңліңіз бе? Оның Лесби екенін бүкіл Қазақстан біледі. Бұл масқара, мына сабағыңызды оданда сол қызға оқыңыз" деп сұрақ қойған желі қолданушысы.
"Ол ауру адам. Мен араласпаймын. Сіз өзіңіз не Қазақстандағы барлық адаммен аралас-құралассыз ба?",- деп жазған Құралай Нұрқаділова.
Ал басқа желі қолданушылары психолог Құралай Нұрқаділованың оқыған лекциясынан өте пайдалы кеңестер алғанын, сондай-ақ дизайнердің үлгілі әрі ақылды әйел екенін жазған.
Бұған дейін Нұрбибі Нұрқаділова журналистерге берген сұхбатында, желідегі парақшасында өзінің әйел кісіге өлердей ғашық екенін, онымен бірнеше жылдан бері бірге тұратынын ашық айтты.