Атам тірі болса ұрысатын еді: Заманбек Нұрқаділовтың немересі өзінің "лесби" екенін ашық айтты
- автор kyn.kz
- 13 қараша, 2020
- 1.5k
Құралай Нұрқаділованың қызы Нұрбибі Нұрқаділова КТК журналисіне берген сұхбатында өзіне қыздардың ұнайтынын, өмірлік серігі әйел адам екенін ашық айтты, деп жазды KYN.KZ.
"Мен алғаш журналистер сұхбатқа шақырғанда келмеген себебім бар. Менде ай сайын болатын етеккір мәселесі болды. Ол кезде мен өте ашушаң болып кетемін. Сұхбат дұрыс болмайтынын түсіндім.
Мен ешкімнің пікіріне тәуелді емеспін. Менің денем- менің шаруам. Мен өзіме ұнасам болды. Мен семіздікпен де күреспеймін. Тәтті тамақтанбасам ашушаңмын. Сол үшін артық салмаққа қарамастан өзіме ұнайтындай тамақтануға тырысамын. Ол менің ұстанымым. Өзіме осы күйімде ұнаймын.
Жас қыздарды тым тыю өте дұрыс емес. Көңілді болсаң шошақай дейді, толық болсаң сүйкімсіз семіз дейді. Оның барлығы адамға ауыр. Мен қазіргі күйіме өмірім алып келді. Іштей даму жүріп, қазіргі қалпыма келдім.
Мен алғашқы махаббатыма қатты ғашық болдым. Толық, өзін дұрыс бағаламайтын қызға сүйіктісі жолықты деп айтайықшы. Ол айтарлықтай сүйкімді болды. 19 жасымда ол жігіттен жүкті болып қалдым. Ата-анам онда міндетті түрде тұрмысқа шығу керек дегенді түсіндірді. Мен де соны дұрыс деп ұғып, күйеуге шықтым. Қазір балам он жаста. Мен ол ұлымды еркін етіп тәрбиелеп жатырмын. Ешқандай шектеу қоймаймын. Сол алғашқы некемде ер азаматтан қорлық көрдім. Содан кейін дәстүрлі отбасылы болудан қорқамын және қашамын",- деді Нұрбибі Нұрқаділова.
Нұрбибі Нұрқаділова Заманбек Нұрқаділовтың тұңғыш немересі әрі ең жақсы көретін немересі болғанын айтты.
"Атам тірі болғанда жұмсартып айтсам ол мені осы қылығым үшін (лесбианка болғаным үшін) жақсылап тұрып ұрысатын еді. Ол қайтыс болған кезде мен 12 жаста едім. Бірақ онымен жиі кездесіп тұратынмын деп айта алмаймын. Ол жұмысына берілген адам еді. Бірақ,Заманбек атам менің мақтанышым.
Мені қазір сол Заманбектің немересі осындай болып кетіпті деген сөз еш алаңдатпайды. Басында қатты алаңдап, қорықтым",-дейді Нұрбигүл.
Ол қазір тұрып жатқан Тоғжан есімді жұбымен бақытты екенін әңгімелеп берді.
"Мен Бар аштым. Сол жерде жаңа таныстар, достар таптым. Сол жердегі құрбым суретімді желідегі парақшама салуға көндірді. Мен саудам жүреді деген үмітпен жүктедім. Содан Тоғжан менің суретімді көріп ұнатып қалған. Содан мені іздеп келді. Басында ол маған мүлде ұнамады. Содан үш ай бойы ізімнен қалмай, сыйлап құрметтеп, көңілімді тапты ақыры. Жұмысыма сақина, гүлімен келіп, тізерлеп тұрып тұрмысқа шығуымды сұрады. Мен бірден келістім",- дейді Нұрқаділова.
Тоғжан өз сөзінде лесбилікті таңдауына ата-анасы түсіністік танытқанын айтты. Ұлынан сүйіктісі Тоғжанды еш жасырмапты. Тіпті, Тоғжанды жақсы көретінін де ашық айтады екен ұлына. Ал егер ұлы ертең гей болатын болса еш қарсылығы жоқ екен.