Басты жаңалықтар
Ененің махаббатына бөленуге көмектесетін 10 қадамды біле жүріңіз
- автор kyn.kz
- 25 маусым, 2018
- 339
Жас келін үшін маңызды кеңестерден хабардар болыңыз
«Ене – келінге жабысқан кене». Бұл сөз қазіргі қоғамда үлкен маңызды тақырыпқа айналғандай. Қазақи тәлім мен тәрбиеде ондай мәселелер болған емес. Өйткені, ене – келіннің анасы. Десе де, бүгінгі замандағы жолы кіші жас келіннің тәжірбиесі көп ақжаулықтының көңілінен шығуы үшін жасалатын он қадамға шолу жасайық.Бұл туралы KYN.KZ Comode.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ерте тұрып, таңғы астың иісін бұрқыратқан келінді кез-келген ақжаулықты жақсы көреді. Себебі, енелер үшін келін - асхананың ханшайымы, иесі. Асүйдегі ыдыс-аяқтарыңыздың таза әрі өз орында болуы да маңызды. Күйеуіңізге анасының көзінше ешқашан сөз қайтармаңыз, ақыл айтпаңыз, артық сөйлемеңіз. Әр ана үшін баласының айтқаны сөзсіз дұрыс. Әрине, сізде өзгенің әлпештеген еркесісіз. Еріңіздің қате пікірі сіздің намысыңызға тиюі мүмкін. Бірақ, қайын жұрттың көзінше сөз қайтарып,сөзге қалғанша, еркелетіп күліп еріңіздің де, өзіңіздің де мәртебеңізді арттыруға тырысыңыз. Ешқашан еріңізді енеңізге жамандамаңыз. Бұл да жоғарыдағы қағидаға сай келеді. «Кірпі баласын жұмсағым, қарға баласын аппағым» деп жақсы көргендей ана үшін баласы мінсіз. Сондай пәк ұлының абыройына дақ түсіріп, анасына өкпе-назды айту арқылы енеңізді жау етіп алу қауіпі бар. Ата-әжесінің алдында ұл-қыздарыңызды сүймеңіз, еркелетпеңіз, ұрыспаңыз. Бұл қылықтарды көрген ата-әже сізді көргенсізге де балап қалуы мүмкін. Себебі, «Балам – жанымнан, немерем – баламнан да тәтті» деген керемет сөз бар. Немере – ата-әженің ең жанды әрі жұмсақ жері. Сіздің орынсыз ұрысыңыз бен шексіз махаббатыңыз олардың жүрегіне сызат салуы әбден мүмкін. Той-домалақтың сарқытын енеңізге беріңіз. Қазақ - тойға барса тойып қана емес, сыйлыққа толып келетін халық. Тойдың сарқытын міндетті түрде екінші анаңызға беріңіз. Үлкен адамдар ақсандықты сондай базарлықтарға толтырғанда, кейін оны реттеп жинағанда ләззатқа бөленеді екен. Одан бөлек кейде жолыңыз үлкен болып алтын-күміс тағып келсеңіз міндетті түрде үйдегі апаңызға көрсетіңіз. Бірге шай үстінде талқылаңыз. Мұндай көңілді отырыстың рахатын тек енелер ғана түсінеді. Отбасылық кеңес кезінде орынсыз кіріспеңіз. Қанша білімді, сауатты, тәжірбиелі болсаңыз да отбасылық жиналыс кезінде келін екеніңізді ұмытпаңыз. Сіздің данышпандылық танытып, тығырықтан шығар жолды көрсетуіңіз үлкендерге аса ұнамасы анық. Үнемі шайыңыз қою, наныңыз ыстық болсын. Берекелі дастарханды тек енелер емес, аталар да жақсы көреді. Сүт қосылған қою шайды терлеп ішкен ата-ене кейде сізге ақыл айтып, мүмкін шымшып, мүмкін тістеп қалар. Бірақ, атылмаңыз. Керісінше, «сіздікі дұрыс», «балалықпен ескермей қалып жүремін» деп сыпайлық танытып, әр сөзіне қолдау көрсетіңіз. Мұндай кішілік - бақыттың кепілі. Сыйлықтың бағасы емес, ниеті маңызды. Адам есейген сайын бала секілді көңілшең болады. Оларға қымбат сыйлық әперу үшін жылдап ақша жинау қажет емес. Қолыңыздан келсе орамалыңызды, тәттілеріңізді, кейде күміс сырға-білезікті күйеуіңіздің жәннатына сыйлауды ұмытпаңыз. Сыйлық – араларыңыздағы махаббатты ұлғайтады. Айлығыңыздан 5 000-10 000 теңге ұстатып қойыңыз. Шамаңыз келсе айлығыңыздың үлкендерге жинауға беріп қойыңыз. Бұл сөзсіз, сіздің «супер келін» екендігіңіздің дәлелі болмақ. Әрине, айлығыңыздың 100% берудің еш қажеті жоқ. 50-60% ақшаңызды толық айлығымды деп алдап берсеңізде болады. Өйткені, әр әйел өз несібесін өзінің дамуына жұмсауы қажет. Ал, мұндай тәуекелге бара алмасаңыз екі-үш айда бір рет «бастығымыздың мерекеге берген қосымша ақшасы» немесе «өзіңізге қажет нәрселер алыңыз» деп марапаттап қойыңыз. Ақша көрсе, періште де жол таяды. Ешқашан барған жердің мәселесін төркінге тасымалдаушы болмаңыз. Бұл тек ата-енеңізбен жақсы тіл табысу үшін, өзіңіздің отбасыңыздың берекесін сақтау үшін үлкен көмек болмақ. Тіпті, төркін былай тұрсын, еріңізбен болған қиындықтар мен сынақтарды, шешемі қиын мәселерді ешқашан екі жақтың да ата-анасына білдірмеуге, естіртпеуге, сездірмеуге тырысыңыз. Күйеуіңізбен болған әр мәселені өзара оң шешу сіздердің махаббаттарыңыздың ұлғаюына себеп болмақ.