Басты жаңалықтар
Құс тұмауы: Ресейдің 36 құс фабрикасының өнімін Қазақстанға әкелуге тыйым салынды
- автор kyn.kz
- 25 маусым, 2018
- 412
Ресей аумағында жоғары патогендік құс тұмауы тіркелді
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауына байланысты Ресейдің бірқатар құс фабрикаларының өнімдерін елге әкелуге тыйым салды, деп KYN.KZ ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Халықаралық эпизоотикалық бюро Ресей аумағында Курск, Пенза және Самара облыстарында жоғары патогендік құс тұмауын тіркеді. «Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 21 маусымнан бастап тірі құсты және инкубациялық жұмыртқаны, мамықтар мен қауырсындарды, құс еті мен барлық құс өнімдерін Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салады.
Сондай-ақ, ҚР аумағына құстарға арналған азықтар мен жемдер, құрал-жабдықтар тасымалдауға шектеу қойылды», - делінген Ауылшаруашылық министрлігінің хабарламасында. Ресей Федерациясының жоғарыда аталған облыстарындағы ЕАЭО құс өсіру шаруашылығы кәсіпорындарының тізіліміне мынадай кәсіпорындар кіреді:
- Курск облысы:
- Пенза облысы:
- Самара облысы:
Келесі мақала