Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Президент немересінің тойы қалай өтті? (фото)

Президент немересінің тойы қалай өтті? (фото)
ашық дереккөз
Тойға танымал шетелдік және отандық жұлдыздар келген
Қазақстан сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның қызы Венера тұрмысқа шықты. Бұл туралы KYN.KZ Sputnik сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қазақстан президентінің жиені, кейбір деректер бойынша, 22 жастағы Дәлен Шайжүнісовпен отау құрған. Желіде жарияланған суреттерге қарағанда, үйлену тойы Алматыдағы Ritz-Carlton бал залында өткен. Дегенмен бес жұлдызды қонақ үйдің өкілдері  Sputnik-ке аталған ақпаратты растаудан немесе жоққа шығарудан бас тартты. Президент жиенінің үйлену тойы қалай өтті?   Үйлену тойының жұлдызды қонағы "Ресей эстрадасының королі" Филипп Киркоров болды, ол қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртаспен танысты.  width= Қайрат Нұртас та VIP-қонақтардың көңілін көтерген секілді, өйткені Ritz-Carlton-да Киркоровпен бірге түскен суреті жарияланды. Салтанатты кеште би ұжымдары да өнер көрсеткен. Венера Назарбаева 2000 жылдың мамырында туған. Жастығына қарамастан, ол түрлі салада өзін сынап үлгерді: "Алматы, менің алғашқы махаббатым" ретро-фестивалінде Бритни Спирспен ән айтты және Қазақстан, Ресей және Германия бірлесіп түсірген "Байқоңыр" фильмінде эпизодтық рөл сомдады. Назарбаевтың жиені кімге тұрмысқа шықты? Президенттің жиенінің жұбайы – Шайжүнісовтер әулетінің өкілі. Ол туралы ашық дереккөздерде ақпарат аз, бірақ Дәленнің Аллен Шайжүнісовтің отбасы мүшесі екені белгілі. Аллен Шайжүнісов 2010-2012 жылдары "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС басқарушы директоры болды, сонымен бірге ол "ЭКСПО-2020 Дубай" бүкіләлемдік көрмесінде Қазақстан секциясының бас комиссары болып тағайындалды.  width= Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәли Әлиев Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің қызы Аида Имашеваға үйленген. Ал кіші ұлы Айсұлтан Назарбаев 2013 жылы қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қызы Әлима Боранбаевамен отбасын құрған еді.  width= Әлеуметтік желіде қонақтар Назарбаеваның қызының тойынан белсенді түрде суреттер жариялап жатыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар