Қандай сырқаты бар әйелдерге «эко» жасатуға болмайды
- автор kyn.kz
- 10 қараша, 2021
- 229
Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді қалалық ауруханасы отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаева экстракорпоральды ұрықтандыруға қарсы медициналық көрсетілімдерді атады.
«Жатыр қосылымына эмбрионды имплантацияға кедергі келтіретін туа біткен, жүре біткен ақаулар, жүктілік қарсаңында қарсы көрсетілімі бар психологиялық, соматикалық өзгерістер, операциямен емдеуді қажет ететін аналық бездер, жатырдың қатерсіз ісіктері, онкология, жедел қабыну, кез келген локализация онкологиясы, есірткі мен алкогольге тәуелділік, жатыр қосалқыларының гидросальпингсі, сактосальпинкс, жатырдың синехиясыз ісіктері жатырдан тыс ұрықтандыруға кедергі жасап, нәтижесін төмендететін және болдырмайтын қарсы көрсетілім болып саналады», - деді маман.
Аталмыш шарада Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова «Аңсаған сәби» бағдарламасының аясында биыл 40 нәресте дүниеге келгенін мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«10 қарашадағы жағдай бойынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 6 мың емделушіге «эко» жасалды. Бұл бүкіл жоспарлы көлемнің 84 пайызы деген сөз. Тағы 740 пациент осы бағдарламаға қатысып бастады. 2000-нан астам жүкті әйел есепке алынды. Бүгінгі таңда аталған бағжарлама бойынша 40 нәресте дүниеге келді», - деді департамент директоры.