10 қараша күні кешкісін Алматыға Pfizer вакцинасы әкелінді. Вакцина Qatar Airways әуе компаниясының ұшағымен жеткізілген деп хабарлайды KYN.KZ.
Министрлік таратқан мәлімет бойынша, Алматыға вакцинаның 379 мың дозасы әкелінген. Кейін еліміздің басқа өңірлеріне де коронавирусқа қарсы вакцина таратылады.
Заң бойынша, вакцина минус 90 градус температураны ұстап тұратын арнайы тоңазытқыш камераларына сақталуда.
Елімізге вакцинаның 379 мың додасы әкелдінді, оның 46 мың дозасы Алматыда қалады. Қазақстанға жалпы есебі 4 миллион дозадан астам вакцина жеткізіледі деп күтілуде.
Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында Pfizer вакцинасының 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алынғанын хабарлады.
Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.