Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жарқырап жүреді": Қыз жасауына 12 түрлі шуба әкелген құдалар желіде қызу талқыға түсті

"Жарқырап жүреді": Қыз жасауына 12 түрлі шуба әкелген құдалар желіде қызу талқыға түсті
ашық дереккөз

Tik-tok желісінде қыз жасауына 12 түрлі тон әкелген құдалардың видеосы талқыға түсті. Құдалық кезінде қыздың төркіні жасауды ашып, таныстырады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеода Әмина есімді бойжеткеннің келін боп түсіп жатқаны айтылады.

"Әминаның өз таңдауымен, арнайы тапсырыспен алынған тон, түс-түсімен киіп жүреді жарқырап. 12 жағалы киімі бар. Тедди, бұлғын терісінен, қаракүзен терісінен жасалған тондар. Астанада аппақ болып киініп, қыдырып жүреді жігітімен", - деп көрсетеді тондарды құдалыққа қатысушы әйелдер.

Әр тонмен жеке-жеке киетін 12 бас киімі де бар болып шықты. Құдалықтың видеосын көргендер екіұдай пікір білдіруде.

"Мен мұндайға қарсымын, күйеуге шықты ма, күйеу бала әйелінің барлық затын алып беруі керек", "Киім көрсету дәстүрін мүлде алып тастау керек, кімге қызық біреудің киімі", "Немене, халаттың орнына шуба киіп жүре ме?"," Бұл не сұмдық, 1 тон жетпей ме? Мақтаныш па бұл? Одан да төсек-орын, ыдыстарын апар. Елге соны көрсет. Қыздарыңыз бақытты болсын", - дейді қыз төркінін сынаған желі қолданушылары.

Алайда пікір білдірушілер арасында қыз жасауын асырып әкелген құдаларды қолдаушылар да табылды.

"Жұрт не десе, о десін, маған ұнады. Әке-анаңа рахмет. Көре алмағандар тұз жаласын", "Не жұмыстарың бар, киетін өзі. Қайта өз қыздарыңа осылай әпере алатындай дәрежеге жетіңдер бұйырса", "Қандай қыз болса да, бақытты қыз екен. Бақытты болыңдар, үстіңде тозсын. Киімдерің әдемі екен", "Әкелген соң осылай әкелу керек, құтты болсын", - дейді видео кейіпкерлерін жақтаған жұрт.

https://www.instagram.com/tv/CWSfOesl8ht/?utm_source=ig_web_copy_link

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар