Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мені үйден қуса да әкемді сағындым":15 жасында ана атанған қыз 5 айлық баламен дала кезіп жүр (видео)

"Мені үйден қуса да әкемді сағындым":15 жасында ана атанған қыз 5 айлық баламен дала кезіп жүр (видео)
ашық дереккөз

9 - сынып оқып жүріп жүкті болып, кейіннен нәрестесін дүниеге алып келген 15 жастағы жас ана бүгінде Шымкентте жат біреудің қараусыз қалған үйінде тұрып жатыр. Қолында 5 айлық баласы бар, деп жазды KYN.KZ сайты "Астарлы ақиқат"бағдарламасына сілтеме жасай отырып,

Гүлиза Уәлиханды мектеп қабырғасында жүріп жүкті болғаны үшін бүкіл туысы өздері тұратын аймақтан қуып жіберген. Жас ананың сөзінше баланың әкесі де жалған уәделер айтып,одан қашып жүр екен. Ал, полиция болса кәмілет жасына толмаған ана мен кішкентай баланың әкесін өз ара келісті деп істі жапқан.

"Мен осындай жағдайға түскеннен кейін, қарабет қылдың деп әкем далаға қуды. Әрине туған әкем болғаннан кейін сағынамын. Бірақ оларға қайтып барғым келмейді. Бәрібір осының бәрін бетіме басады",-дейді Гүлиза Уәлихан.

https://www.youtube.com/embed/zExZNYrNDjQ
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар