Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бес жасар қызды ернінен күштеп сүйген ер адам 12 жылға сотталып кетті

Бес жасар қызды ернінен күштеп сүйген ер адам 12 жылға сотталып кетті
ашық дереккөз

Ресейдің Чебоксары қаласында танымайтын кішкентай қызды ернінен сүйген ер адам сексуалдық сипаттағы әрекеті үшін айыпталып, сот үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін бірнеше Telegram-арнада ер адамның бес жасар қызды ернінен сүйіп жатқан видеосы тараған болатын.

Оны көпқабатты үйдің тұрғындары түсіріп алған. Кішкентай қыз бөтен адамды итеріп, құшағынан шығып кетуге тырысқан.

Тергеу кезінде осы оқиғаның мән-жайы анықталды. 6 тамызда Чебоксары қаласының 44 жастағы тұрғыны мас күйінде үйіне қайтып келе жатқан.

Ал кіреберістің алдында орындықта отырған кішкентай қызды көргеннен кейін жанына барып, сексуалдық сипаттағы әрекет жасайды. Оның көршісі бәрін көріп, ішкі істер органдарына арыз түсірген.

Сол күні айыпталушы өз үйінде ұсталды. Сот санкциясымен оны бірден қамауға алған. Ал полиция қылмыстық іс қозғады.

"Айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындады. Оған сот-психиатриялық сараптама жасалды. Оның ақыл-есі дұрыс болып шықты", - дейді тергеушілер.

44 жастағы ер адам жасаған әрекеті үшін 12 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жәбір көрген кішкентай қызға психологиялық-диагностикалық, сондай-ақ оңалту жағынан көмек көрсетілді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар