"Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?": Қайрат Нұртас жаңа жазбасымен елді алаңдатты
- автор kyn.kz
- 16 қараша, 2021
- 506
Қазақстандық белгілі хитмэн Қайрат Нұртастың instagram парақшасындағы жазбасы елді ойландырып қойды. Танымал әнші бұл жолы махаббат жайында екі сөйлем ғана жазып, қызу талқыға түсті деп хабарлайды KYN.KZ.
Қазақ эстрадасының жұлдызы көпшілік білетін әннің мәтінінен үзінді келтірген.
Әнші өзінің күзгі суретінің анықтамасына "Менің жүрегім кешірімді ғой. Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?!", - деген жазба қалдырған.
Сонымен қатар, Қайрат аталған туындының орындаушысына "жақсы ән екен" деп жылы лебізін білдіруді де ұмытпапты.
Алайда, хитмэннің оқырмандарын "бұл өлең жолдары Жұлдызға арналған ба? әлде кімге?" деген сауал ойландырып қойған сыңайлы.
"Қайрат өзіңді фотоға түсіре бергенше, жанұяңмен неге түспейсің?", "Жұлдыз көрінсе айдың жанынан", "Жұлдызға айтып тұр ғой", "Қайрат сен мықтысың. Халық сені жақсы көреді", "Жұлдыз қайда? Неге көрінбейді?", "Кімге арналған екен бұл сөздер?", "Тек бір сұрақ, арықта не істеп тұр екен, Қайрош ағамыз", - деп жазуда желі қолданушылары.