Басты жаңалықтар
Қарағандыда жасөспірім 19 жастағы қызды тонап кетті
- автор kyn.kz
- 16 қараша, 2021
- 299
Қарағандыда жасөспірім 19 жастағы қызды тонап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ.
10 қарашада Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 19 жастағы бойжеткен арызданды. Жәбірленуші көлікте отырған кезде белгісіз біреу оған шабуыл жасаған.
Күдікті жәбірленушінің денесіне зақым келтіріп, ұялы телефоны мен 30 мың теңгесін алып, жоғалып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 230 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” күдікті 14 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады.
Ол қылмысын мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: Polisia.kz.
Келесі мақала