Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Полиция танымал блогер түсірген видеоны тексеріп жатыр

Полиция танымал блогер түсірген видеоны тексеріп жатыр
ашық дереккөз

Полиция танымал блогер Мейіржан Төребаевтың коронавирусқа қарсы вакцина алып жатқанда түсірген видеосын тексеріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ.

Еске салайық, қазан айының соңында коронавирусқа қарсы вакцинация пунктінде Мейіржан Төребаевтың дәрігерлермен әзілдескен видеосы тараған еді.

Видеода блогер коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң саусақтарын бір-біріне жабыстырып алып, дәрігерлерден неліктен бұлай болғанын сұрайды. Ал ақ халаттылар бірден Төребаевқа көмектесуге тырысады. Кейін мұның әзіл екенін түсінеді.

Сол кезде бұл жайтқа қатысты қалалық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдіріп, блогерді ҚР ӘҚБтК-нің 80-1-бабы 2-тармағы ("Медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіру") бойынша жауапқа тарту мақсатында полицияға жүгінетінін хабарлаған болатын.

Алматы қалалық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне бұл ақпаратты растады.

Ведомство расында Төребаевтың әрекетіне баға беру туралы арыз түскенін хабарлады. Қазір аталған видеоға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, ал нәтижесі кейінірек хабарланатын болады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар