Жүкті әйелдің ұл немесе қыз туатынын алдын ала білудің 5 тәсілі
- автор kyn.kz
- 25 қараша, 2021
- 4.1k
Әйелдің аяғы ауыр екені сырттан көріне бастағанда сіздің кімді дүниеге алып келетініңіз барлығына қызық бола түседі. Бірі ішіңіздің формасына, екіншісі жерік асыңызға қарап болжай бастайды. Осы тұста KYN.KZ сайты іштегі баланың жынысын анықтауға болатын ғылыми және дәстүрлі халықтық жолдарын ұсынады.
Америкалық келіншектің оқиғасы: "Жаңадан аяғым ауырлаған тұста дәрігердің тексеруінен өтіп, расымен жүкті екенімді дәрігердің растауын қажет етіп емханаға бардым. Үш апталық баланы УДТ (УЗИ) көрген дәрігер оның жүрек соғысы минутына 150-ден асып тұрғанын айтты. енем сол сәтте менің құрсағымдағы қыз екенін болжады. Оның сөзінше ұүрсақтағы айға толмаған баланың жүрегі минутына 120-160 аралығында соғады екен. Бірақ соның ішінде максималды соғысқа жақындары қыз балада болады екен.
Ал күйеуім қызды қатты жақсы көріп, күтіп жүргендіктен қатты толқыды. Тіпті ғылыми материалдарды зерттеп тура осы жүрек соғысына сай ақпараттарды жинаған. Ғалымдардың зерттеуіне қатысқан 500 әйелдің құрсағындағы жүрек соғысы 1 минутта 150 реттен артық соққандардың 80 %- қыз балаға жүкті болған. Қалғандары ұл туған. Күйеуім осы болжамнан кейін аздап күмәндана бастады. Бірақ, соңында тура осындай жүрек соғуымен енемнің болжамы тура келіп екі қызды дүниеге алып келдім"
Бұл бір ғылыми зерттеу мен өмірдлік болжамнан жасалған жоспар. Дегенмен осыған қарап, жүрек соғысы максималды көрсеткішке жақын балалардың көпшілігі қыз болады деген тоқтам жасауға тұратын сияқты.
Баланың жынысын қай кезде білуге болады?
Баланың жынысын дүниеге келмей тұрып анықтаудың бірнеше жолы бар.
Егерде сіз инвазивтік дтексерістен өтіп жатсаңыз қаныңыздың құрамында іштегі баланың хромосомалары шығады. (XY — ұлдікі және ХХ — қыздікі).
Егер қан талдауының тура осы түрінен өтпесеңіз УДЗ (УЗИ) кезінде яғни толық 20 апталық баланың жынысын анық көруге болады. Бұл кезде дәрігер баланың жүрегіндегі қан тасмалдау, аяғы мен қол саусақтарын, ішкі ағзалардың бүтіндігін нақты көреді. Осы кезде баланың жыныс мүшесі де анық болады.
Егер ішіңіздегі ұл болса дәрігерлер оны 12 апталық кезінде анық көре алады. 15-16 апталық баланы да нақты көруге болады. УДЗ кезінде бала қырымен жатып қалып, сіз оның жынысын қатті білгіңіз келіп баражатса, дәрігер соған бола УДЗ жасамайды. Егер жаныңыз тынышталмай жатса ақылы УДЗ- түсіп көруіңізге болады.
Анасының қанына қарап, баланың жынысын қалай анықтауға болады?
Соңғы зерттеулер бойынша дәрігерлер әйел жүкті болған сәтте оның құрсағындағы баланың жынысын анықтай алатын болды. Ол әрине әйелдің қанымен нақтыланады. Әйелдің қан құрамында нәресте іште жатып бөлетін айналымдағы сұйықтық болады. кейде ол сұйықтықтың өзі көрінбей қалатын сәттер болады. Яғни әйел қанының құрамында баладан келген сұйықтық болмай шығуы ықтимал.
Жүкті әйел ішінің формасына қарап баланың жынысын білуге болады ма?
Кей сәттерде әйелдер медициналық жолмен туғанша баласының жынысын анықтай алмайды. Сол кезде халықтық әдіс боынша болжам жасайтындар көбейе түседі. Ол әрине сырт көз іштің формасына қарап болжам жасайды.
Ал, дәрігерлер жүкті әйелдің қарынына сыртқы пішін бойынша жасаған зерттеу бақылауында ешқандай нақты ереже жоғын айтады. Өйткені әр адамның жаратылысына, баланың өлшенген сәттегі іште жатқан бағытына байланысты қарын пішіні өзгере береді екен. тіпті арнайы жасалған зерттеуде әйелдер босанған кезде барлығынан қателік кеткен. Сондықтан іштің формасына сай ешқандай ғылыми тоқтам жоқ болып шықты.
Баланың жынысын қалай жоспарлауға болады
Көпшілік әйейлер екінші, үшінші балада алдын ала жынысын жоспарлағанды жақсы көреді. Ғылыми зерттеулердің күнтізбелік әдісінде де мұндай шешім бар. Яғни баланың жынысын жоспарлауға болады ма? деген сұраққа ғылым Ия деп жауап береді екен.
Ол алдымен ЭКО жасайтын адамдарда алдын ала таңдап алуға болады.
Одан бөлек әдепкі жағдай бар. Яғни жыныстық қатынасқа түсердегі сауаттылық десе болады. Ұлдар шәует кезінде өте жылдам бірақ аз уақыт ғана өмір сүреді екен. Ал қыз балалар жай жүрісте, ұзақ уақыт тірі болады екен.
Сондықтан қыз бала күтсеңіз әйелдегі овуляцияға бірнеше күн қалғанда жыныстық қатынасқа түсіңіз. Яғни әйелдің етеккірі келуіне бірнеше күн қалғанда. Ал овуляция күні жыныстық қатынаста болсаңыз ұлды боласыз. Немесе, етеккір аяқталған тұста ЖҚ ұл баланың өмірге келуі әбден мүмкін.