Жүктілікті жоспарлау үшін алдымен дұрыс өмір сүру салтын жолға қойыңыз. Ұйқыны қандырыңыз, спортпен айналысып, таза ауада көп жүріңіз. Дұрыс, пайдалы тамақтанып, жұмыстан, музыка мен кітап оқудан рақат сезіңіз. Түрлі мәдени шараларды аралап, рухани байлыққа ұмтылыңыз. Егер мүмкіндік болса жұбыңызбен күйбелең тірлікті ұмытып, демалысқа яғни бал айына барыңыз.
Жүктілікке дайындық және зиянды әдеттер
Егер денсаулығы жақсы ұрпақты дүниеге алып келгіңіз келсе, алдын ала жаман әдеттерді қоюға тырысыңыз. Ішімдік пен темекіні бұрыннан қолданатын болсаңыз тастап, ағзаны тазартып алған жөн. Тіпті бұрыңғыдай жиі тұтынбай, темекі шегетіндердің қасында болудың өзі зиян. Өйткені зиянды зат ағзаңызға сіңіп, бала ағзасына дерт болып жабысуы ықтимал.
Медициналық дәлел бойынша темекі ер адамның қуатын, шәуетінің сапасын төмендетеді. Темекі шегетін әйелдердің баласы уақытынан бұрын, тым арық болып дүниеге келеді. Никотин жүктілік кезінде іштегі балаға түрлі инфекция жіберіп, айына жетпей тууына әкеледі.
Спиртті ішімдік тұтынатын жұптардың балаларынан түрлі ауру шығады. Ішімдік әйелге де ерге де тұтас зиянын береді. Яғни әкенің ұрығында, ананың аналық жұмыртқасында дерт болады. Ішімдіктен кейін туған баланың белгілері: маңдайы кішкентай жіңішке болады, көздері бір-бірінен алшақ орналасқан кейде тіпті көздері атысатын балалар болады. Жалпақ, кішкентай мұрын. Ерні жіңішке тым қызыл, еріннің жоғарғы бөлігі шошайған (балық ауыз). Ондай баланың басы тым кішкентай немесе тым үлкен болады. Баланың қолы, аяғы тым қысқа әрі сүйектері қисық болады. Ондай балалар көп жағдайда ішкі ағзасында ақаумен туады. Мысалы жүрегінің тесігі жабылмайды, грыжа. Ондай балалар арық, кішкентай болып туады. Әрі өз жасынан психологиялық, физикалық тұрғыда өте кеш жетіліп, өте жай өседі.
Сондықтан болашақ әке мен ана бал жоспарлар алдында ішімдік пен темекіні үш айға тастау керек. Алдымен болашақ әке мен ана ойлану керек. Қазіргі рақат керек пе сау бала керек пе?
Жаңадан отау құрған азаматтар тек ішімдік пен темекіден емес, рухани дамып, әсем табиғаттан да рақат ала алатын деңгейде болғаны жөн.
Үйде сәбидің келуіне дайындық
Сәби дүниеге келерде бәрін жоспарлау керек. Тіпті баланың ұйықтайтын төсегі, ойнайтын жері мен шомылатын орны, әр айлығына сай қажетті өзінің затына орын керек. Алдын ала ештеңе сатып алуға болмайды дегенді ұстансаңыз, жас аналармен сөйлесіп қайсы затты көбірек тұтынатынын, нендей зат текке сәндік үшін үйде орын алып тұрып қалғанын зерттеп сұрастырыңыз. Баланы жатқызатын арбалардың бағасын салыстырып, қажет уақытта ала қоятын жерлерді біле отырыңыз.
Баланың жатын орны анасымен бір бөлмеде болады. Ол жерде түрлі сәндік суреттер мен вазалар сынды декоративті заттардың болмағаны жөн. Бөлмені ылғалдандырып жинау әбден қиынға соғады. Қалаберді әрі-бері қозғалысқа кедергі, бала өскен сайын оған қауіпті болады. Бала жататын бөлмеге үй жануарларын кіргізбеген дұрыс.
Алдымен жұбыңызбен тұратын үйдің жөндеуі, жаңалауы соңғы үш жылда мазаламауы керек. Яғни бала жоспарлап отырғанда түрлі бояу, шаң, химиялық заттардың иісі зиян. Жүктілік кезінде де бұл заттар ананың өзіне, іштегі баласына аса зиян. Жаңадан туған бала тұратын үйде де жөндеу жұмыстарын жүргізбеген дұрыс. Жөндеу жұмыстарын әсіресе пәтерге жөндеуді бала жүріп, еркін қыдыра алатын кезде жасаған дұрыс.
Болашақ балаңыздың өміріне осындай жауапкершілікпен қарап, баланы жоспарлап дүниеге алып келсеңіз оған ден қойып әрі қарайғы жасына сай психологиялық, физикалық өсуіне де жауапкершілікпен қарайсыз. Ал аса жауапкершілікте болған бала өскен кезде дұрыс адам болуға ұмтылады. Өйткені ол дүниеге келмес бұрын үлкендер қамданған, оны күткен.
Ал егерде мұндай жағдайдың барлығын толық жасап алып, содан кейін ғана баламды дүниеге алып келемін десеңіз тағы қателесесіз. Себебі, ондай жағдайды болдыртамын деп жүргенде мүлде баласыз қалуыңыз да мүмкін.
Екі адамның денсаулығы дұрыс болса, материалдық кей кемшіліктерге көзді жұма қараған жөн. Егер қажеттінің барлығы дайын болса өте тамаша. Бала көтеріп, сау баланы дүниеге алып келу үшін анасы мен әкесі кей заттардан уақытша бас тартуға, ортақ келісімдер мен міндеттерді бөліп алу сынды шешімдерге келген жөн. Ал перзент дүниеге келмей жатып екі жақты осындай ортақ мәмілеге шақыратын адам баласының ең құнды, ең бағалы, нағыз бақыты. Тіпті баланы қолға алған кезде барлық қиындықты тіптен ұмытып кетесіздер.