Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баланың тісі шығатын кезде болатын мазасыздықты басудың жолдары

Баланың тісі шығатын кезде болатын мазасыздықты басудың жолдары
ашық дереккөз

Бала мен ата-ана үшін ауыр әрі маңызды кезең баланың тісі шығатын кез. Балаңыз түнімен жылап, аузына әр нәрсені салып, сілекейі тоқтамай ағып жатса, балапанның сүт тістері жарып шығайын деп жатыр дегенді білдіреді. Әр ата-ана баламның табанына кірген тікен маңдайыма кірсін деп отыратыны белгілі. Сондай сәтте баласына қалай көмектесерін білмей шарасызданып кетері сөзсіз.

Тоқтаңыз! Дәрі-дәрмек беруге асықпаңыз. Бұл табиғи құбылыс, бәрі өз ретімен болғаны жөн. Сондықтан сабыр сақтап, тіс жарып шығуын күтуден басқа амалдар тек уақытша екенін білгейсіз. Тек қызуы көтерілсе, қызуын басатын арнайы дәрі берсеңіз болады. Дегенмен де мазасыздыққа көмектесетін бір қатар әдістерді назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Тістейтін ойыншығын мұздатқышқа салып суық күйінде берсеңіз, сәл де болса ауырсынуын басуға болады.
  2. Латекстен немесе силиконнан жасалған тістегіш ойыншық беріңіз
  3. Егер балаңыз тістей алатын жаста болса, салқын көкінестер мен жемістер ұсыныңыз
  4. Жиірек емізіңіз. Ана сүті арқылы бала ауырсынуы басылып, әрі анасының жанында болғанын сезіп тынышталады.
  5. Қолыңызды жақсылап жуып баланың қызыл иегін аздап уқаласаңыз болады.
  6. Ең бастысы жиі құшақтап, бар махабббатыңызды берсеңіз, бұл қиыншылық та өтіп кетеді.

Сәбилер ауырмасын!

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар