1 жас 11 айлық баланың салмағы, бойы қандай? Бүлдіршіннің даму деңгейі
- автор kyn.kz
- 22 желтоқсан, 2021
- 3.3k
Балалар өте тез өседі. Бұл уақыт аралығында даму деңгейінің кемшін қалған тұстарын, кешігуін уақытында анықтап, оларды жоюға болады. Нәрестенің әрбір жасы белгілі бір жаңа дағдылар мен тың қабілеттің пайда болуы жеке дамуына сәйкес келуі керек. Нәресте 1 жас 11 айда қандай болуы керек? Әрі қарай осы сұраққа жауап іздеп көреміз. Осы және өзге де бүлдіршін жайлы ақпаратты Kyn.kz ақпараттық порталынан оқып біле аласыз.
1 жас 11 айлық баланың физикалық көрсеткіштері
Бұл жастағы ұл баланың салмағы 12,5 кг құрайды
Бойы – 86,5 см.
Басының өлшемі — 48 см.
Бұл жастағы қыз баланың салмағы 12 кг
Бойы - 85 см.
Басының өлшемі – 46 см.
1 жас 11 айлық бала не істей алады?
Бұл жаста бала өте мобильді, ол тек аяқтарында жақсы тұрып қана қоймайды, сонымен қатар жүгіруге, секіруге мүмкіндігі бар. Егер нәресте ырғақты музыканы естісе, билеп, қолдарын бұлғап, тіпті ән айта алады.
1 жас 11 айда бала текшелерден мұнара тұрғыза алады. Сондай-ақ нысанаға доп лақтырып, сол арқылы саусақтарын жақсы пайдалануды үйренгенін көрсеткісі келеді.
Бұл жастағы балалар велосипедке қызығушылық танытуы мүмкін, бірақ педальдарды басып, бағындыру қиындық туғызуы мүмкін.
Осы жаста нәресте шұлық пен шалбарды ересектердің көмегінсіз кие алады.
Баланың интеллектнің дамуы
Бұл жастағы балалар жақын адамдармен көп сөйлескенді қалайды. Сондай-ақ қозғалыс ептілігі мен координациясы жақсара түспек.1 жас 11 айлық баланың негізгі әрекеті өздерін қоршаған ортадағы заттардың қасиеттерімен жақынырақ танысады. Бала кеңістікте заттарды жылжытуды, сондай-ақ қоршаған ортадағы заттармен тығыз қарым-қатынаста әрекет етуді үйренеді.
1 жас 11 айлық балада естеліктер жады қалыптасады. Мәселен, серуендеуге баруды сұрасасаңыз, ол бірден сырт киімі мен аяқ киімін іздейді.
Сөйлеу дағдыларына келетін болсақ, бір жарым жасқа дейін бала күнделікті қайталанатын сөздерді түсінуге тырысады. Сонымен қатар екі жасқа дейін оның сөздік қоры артып, мимика мен ым-ишара арқылы да өз ойын жеткізуге ұмтылмақ.
Сөйлеу ойлауы қалыптасып - бала іс-әрекеттерді орындауға дағдыланады.Бұл жаста жоғарыда атап көрсеткеніміздей нәрестенің ересектермен қарым-қатынасқа деген қажеттілігі жоғары. Яғни, оның эмоционалдық күйі, белсенділігі мен интеллектуалды дамуы үлкендердің онымен қаншалықты жиі ойнап, сөйлесуіне тікелей байланысты.
1 жас 11 айлық баланың сөйлеу қабілеті
Өмірдің осы кезеңінде баланың қызығушылығы оны ересектерден келетін кез келген ақпаратты қабылдауға бейім етеді. Ізденімпаз бала осы кезде «неге?» деген сұрақ қояды.
Ал ересек адам бұл сұраққа дұрыс жауап беріп, мейірімді және шыдамдылық таныту арқылы сәтті диалог орнатуы керек.Осы жасқа дейінгі нәрестенің сөздік қорында шамамен 130-170 сөз бар, бала оларды біріктіріп, сөз тіркестерін, тіпті сөйлемдер құра алады.
Бұл жаста баланың сөздік қорын молайту үшін балаға көбірек ертегі оқып, батырлар жыры, дастандар, қызықты әңгімелермен таныстырып, көкжиегі мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін оята бастауыңыз қажет.