Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шала туылған нәресте: оны қалай емдеу және дамыту керек

Шала туылған нәресте: оны қалай емдеу және дамыту керек
ашық дереккөз

Бала мерзімінен бұрын дүниеге келгенде, ата-анасы қатты мазасызданып, баланың дамуы қалай жүретіндігіне алаңдайды. Ана қашан балаға өз бетімен қарай алады? Қандай дәрігерлер оны неше жасқа дейін бақылауы керек? Баланың дені сау бола ма, дамуы қатарластарын қуып жете ме? деген сан сұрақ сананы жаулап мазасыз күйге түсіруі мүмкін. Сол сұрақтарға kyn.kz сайты жауап беретін болады.

Бір қуанарлығы, он жыл бұрынғыға қарағанда шала туылған, орталық жүйке жүйесінен ақауы бар, ауыр моторлы, көру және есту қабілеті бұзылған балалар әлдеқайда аз. Осы уақыт ішінде шала туылған нәрестелерді босану бөлмесінде және өмірінің бірінші күнінде реанимациялау, тамақтану және даму күтімі мәселелеріне көзқарастар да өзгерді.

Бала мерзімінен бұрын туылды: ата-анасы не істеуі керек?


Бұрынғы кезде бала жансақтау бөліміне түссе, анасы белгігі бір уақытта ғана барып, сүтін сауып беретін. Қазір шала туылған нәрестелерге ата-аналары көруі баланың жағдайына қарай әр түрлі болады.

Бір жерде сіз көбірек уақыт бола аласыз, бір жерде - белгілі бір сағаттарда келіңіз, бір жерде - тәулік бойы баламен бірге болуыңызға болады.
Баланы емдеу кезінде нәресте мен анадағы стрессті төмендету үшін түрлі әдістер қолданылады. Мысалы, «Кенгуру» әдісі, нәрестені ананың кеудесіне жатқызып, анасы мен баласы жақын болу үшін қолданылатын әдіс. Аппаратпен болса да бала анасының жылулығын сезуі керек. Дене байланысы және бұл жағдайда қалыптасатын психоэмоционалды байланыс екеуі үшін де маңызды және нәрестенің тезірек қалпына келуіне ықпал етеді.
Сондай-ақ - емшек сүтімен емізу, өйткені нәресте мерзімінен бұрын туылған кезде, анасының сүтін алуы өте маңызды. СЕбебі ана сүті табиғи дәрумендерге бай болғандықтан баланың тез өсуіне ықпалы зор. Көп бала ауруханадан шыққаннан кейін де сауылған сүтпен емес, тікелей ана төсінен емізуді жалғастыруда.
Интенсивті терапияда манипуляциялардың көпшілігін дәрігерлер мен медбикелер жасайды, өйткені бұл арнайы бөлім. Бірақ неонатальды патология бөліміне көшкеннен кейін, анасы шала туған нәрестеге күтім жасау процесіне белсенді қатысады.

Шала туылған нәрестелер әдетте қай жаста құрдастарын қуып жетеді? Оларды қанша уақыт бақылау және емдеу қажет?

  • Бала неғұрлым аз салмақпен туылған болса, әдетте, оңалтудың бірінші даму кезеңі соғұрлым ұзақ болады.
    Бірақ шын мәнінде, оңалту шаралары барынша белсенді жүргізілетін жас 18-24 ай. Ең алдымен, олар есту, көру және моториканы дамытуға қатысады. Алғашқы екі жыл - дамуын жақсарта алатын маңызды кезең болып саналады.
    Болашақта әлі де белгілі бір неврологиялық проблемалары бар балалар үшін психологиялық-педагогикалық деңгейдегі мамандар қажет болады. Алайда шала туылға балалардың дамуы алғашқы жылдары кешуілдегенмен, кейіннен өмірге тез бейімделгіш, қиындыққа төтеп берер қайтпас қайсар, пысық, әрі алғыр бала болатындығы зерттеулер бойынша анықталған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар