Ауыздан шығатын жағымсыз иіс: Себептері мен емдеу жолдары
- автор kyn.kz
- 24 желтоқсан, 2021
- 608
Дәрігерлердің айтуы бойыншакөп адам ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иіске алаңдайтын көрінеді. Шынында да, көптеген адамдар үшін бұл құбылыс өте күрделі психологиялық проблемаға айналғаны жасырын емес.
Бұл мәселе өз кезегінде әріптестермен, жақын адамдармен қарым-қатынаста қолайсыздықтар тудыруы мүмкін, тіпті адамның өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Көбінесе адамның өзі мұны байқамауы мүмкін, өйткені ол ауыздан шығатын бұл иіске бейімделіп үлгереді. Ал айналадағы адамдар жақын қарым-қатынастан аулақ болғысы келеді.
Осы және өзге де пайдалы ақпаратты Kyn.kz ақпараттық порталынан оқып біле аласыз.
Жағымсыз иіс Галитоз (halitosis; лат. halitus — дем алу грек. -osis) — ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иіс. Галитоз көбіне ауыздың шырышты қабығының, қызыл иек пен тістің қабынуының симптомы болып келеді.Бұл жағдайда темекі шегуден, алкогольді сусындардан немесе ащы тағамнан туындаған иіс есепке алынбайды.
Галитоз не себепті пайда болады?
Ол аэробты және анаэробты микрофлораның арақатынасының бұзылуына негізделген, нәтижесінде белгілі бір қосылыстар түзіледі. Сол арқылы жағымсыз иістер пайда болады.
Таңертең оянғаннан кейін ауыздан жағымсыз иістің шығуынқалыпты жағдай ретінде қабылдаңыз, өйткені түнде ауыз қуысында сілекейдің бөлінуі азаяды. Таңертең тістеріңізді тазалағаннан кейін иіс әлі де сақталса, дәрігердің қабылдауында болғаныңыз жөн.
Ауыз, мұрын, тыныс жолдары ауруларында жағымсызиіс ауызда ғана емес, мұрында да пайда болады. Галитоз келесі ауру түрлерінде де пайда болуы мүмкін:
- Мұрын қуысындағы бөгде зат
- Аденоидит (жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жері) созылмалы және жедел
- Аденоидит (назофарингеальді бездің қабынуы) жедел және созылмалы
- Риносинуситы (гаймориты):жедел, созылмалы, полиптәріздес,қотыр тәріздес.
- Алдыңғы бөліктегі құрғақ ринит
- Жедел және созылмалы тонзиллит, фарингит
- Стоматит
- Созылмалы фарингит (атрофиялық)
- Созылмалы гиперпластикалық ларингит
- Жедел іріңді ларингит
Ішкі ағзалардың төмендегідей аурулары кезінде галитоз пайда болуы мүмкін:
- тыныс алу жолдарының инфекциялары: бронхоэктаз, өкпе абсцессі;
- асқазан-ішек жолдарының аурулары, мысалы, гастрит, гастродуоденит, асқазан жарасы, гастроэзофагеальды рефлюкс және т.б.;
- бауыр жеткіліксіздігі (балықтың иісі);
- бүйрек жеткіліксіздігі, азотемия (аммиак немесе зәрдің иісі);
- диабеттік кетоацидоз (тәтті жеміс иісі).
Галитоз мәселесін қалай шешуге болады?
Ең алдымен ауыз қуысының гигиенасын сақтауыңыз қажет. Ауыз қуысының: гингивит, стоматит, тіс кариесі және т.б. аурулары пайда болғанда міндетті түрде маманның қарауында болғаныңыз жөн. Аденоидит (көмекей безінің созылмалы суықтауы) пен риносинусит( бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған немесе созылмалы ауруы) кешенді түрде емделеді. Яғни жүйелі түрде қолдануға арналған препараттарды тағайындаумен қатар, қажет жағдайда физиотерапия (көрсеткіштерге сәйкес), амбулаториялық емдеу тағайындалады.
Дұрыс тамақтану мәзірін сақтаңыз:
- Күніне 3-4 рет аз көлемде тамақты тұрақты қабылдаңыз
- Көбірек су ішіңіз
- Тамақты ұйқыға кетерден 2,5-3 сағат бұрын қабылдаңыз
- Жаман әдеттерден арылыңыз: темекі шегу, алкогольдік сусындарды пайдалуды доғарыңыз
«Ауруды емдегеннен, оның алдын алған оңай». Дәл осы қағида әрқашан қаперіңізде болсын.