Жүкті әйелдер ішуі керек витаминдер мен минералдар
- автор kyn.kz
- 24 желтоқсан, 2021
- 785
Дүнмеге сау ұрпақ алып келгісі келген ананың барлығын осы тақырып қызықтырады. KYN.KZ сайты аналарға ең қажетті дәрумендер тізімін ұсынады.
Жүкті әйелдерге поливитаминдер мүлде қажет емес. Себебі: Поливитамин дегеніміздің өзі бірнеше витаминның жиынтығы. Олардың бір таблетка құрамындағы мөлшері бірі аз, бірі көп, барлық әйелге бірдей келебермейді. Дәрумен мөлшері көбейіп кетсе баланы улайды, аз болса жетіспеушілігі жалғасабереді.
Поливитаминдерде бірге ішуге болмайтын витаминдер бар. Мысалы, кальций мен темірді қатар қабылдауға болмайды. Темір ағзаға сіңбей қалады.
Ең маңызды, пайдасы бар дәрумендерді бөлек қабылдаған абзал.
Ең керек витамин ФОЛИЙ қышқылы (В9). Бұл дәруменді жүктілікті жоспарлап жүргендер де ішкені дұрыс. Фолий ұрықтың нерв түтігі ақауларының 70-93% алдын алады. Бұл дәрумен баладағы жүрек ауруларының, қоянжырықтың алдын алады. Жүкті әйелдерге тәуліктік мөлшер - 400МГК.
Д3 дәрумені. Клеткалық деңгейде қызмет атқарады. Кальций мен фосфорды сіңіруге қатысады. иммундық, жүрек қантамыр жүйелерінің жұмысын жақсартады. Жатыр аурулары мен түсіктен сақтайды.
Омега3. Баланың көзі мен миының дамуына әсері зор.
Йод. Әйелдің гормондарының деңгейі теңестіріледі. Жүкті әйелде йод тапшылығы болса баланың ақыл- есінде кемтарлық болады.
Темір. Бұл дәрумен ұрықтың иммундық жүйесінің нығайюына ықпалы зор.