Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оралда үшем дүниеге келді

Оралда үшем дүниеге келді
ашық дереккөз

Дәрігерлер 28 жастағы келіншекке кесарь тілігін жасап, аман-есен босандырған, деп хабарлайды KYN.KZ  "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап.

Қазір ана мен шақалақтардың жағдайы жақсы, дейді мамандар. Жалпы биыл 37 үшем дүние есігін ашыпты. Өмірге келген егіздер де көп. 10 айда үш мыңнан астам отбасында қос қуаныш болыпты.

Оралдық Айгүл Асқарова алғаш рет құрсақ көтеріп, дүниеге үшем әкелді. Нәрестенің үшеуі де қамшы ұстар. Былтыр шаңырақ құрған ерлі-зайыпты Шыңғырлау ауданында тұрады. Жаңа жыл қарсаңында мол бақытқа кенелген жастардың қуанышында шек жоқ. Үшемге Айбын, Айдын, Омар деген есімдер қойған.

Айгүл Асқарова, үшемнің анасы: – Әулетімізде егіз болған. Ал үшем мүлде болмаған. Балаларымның денсаулығы жақсы. Қуанышым қойныма сыймай тұр. Маған медициналық көмек көрсетіп, үнемі назарда ұстаған дәрігерлерге алғысым шексіз.

Әсел Нығметова, облыстық перинаталды орталықтың бөлім меңгерушісі: – Бірінші баланың туғандағы салмағы 1 келі 780 грамм, екінші баланың салмағы 1 келі 705, үшінші балада 1 келі 735 грамм. Қазір жағдайлары жақсы. Аналарының қасында. Анасының да жағдайы жақсы.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар