Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баланың мұрны қанайды. Оған не себеп?

Баланың мұрны қанайды. Оған не себеп?
ашық дереккөз

Балалардың оториноларингологиясы әрбір жас кезінде әртүрлі қалыпта көрініс табады. Әртүрлі жас топтарына тән патологиялық жағдайлар бар. Мақалада мұрыннан қан ағудың кейбір себептері қарастырылады. Осы кеңестерге назар сала отырып, KYN.kz сайтынан оқып біліңіз.

Баланың мұрнынан қан кету немесе эпистаксис бұл шырышты қабықтың тамырлы құрылымдарынан қан кету. Бұндай 4% жағдайда баланың өмір сапасы нашарлайды. Әдетте халықтың жартысынан көбі кем дегенде бір рет эпистаксис жағдайымен бетпе бет келеді. Балалардың 20% - ында қайталанбалы түрдегі мұрыннан қан кету жағдайлары байқалады және созылмалы қан жоғалту белгілері бар.

Мұрыннан қан кетудің қандай түрі бар

  • Мұрыннан қан кету капиллярдың дұрыс қалыптаспауынан немесе қанның ұйымауына байланысты дамиды.
  • Қанның қайдан кететінін былай бөліп қарастыруға болды:
  • қуыс типіндегі түтікше (мұрынның алдыңғы және артқы жағы)
  • қуыстан тыс типтегі түтікше (жұтқыншақ пен бас сүйек құрылымындағы).

Мұрынның алдыңғы жақ бөлігінен қан кетсе бұл  денсаулыққа ешқандай қауіп төндірмейді. Ал артқы бөліктегі ауырсыну  неғұрлым қарқынды жүреді, өйткені бұл жағдайда үлкен тамырлар бұзылады. Бұл жағдайда айтарлықтай қан кетеді. Сондай-ақ, өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда қан тамаққа ағып, асқазанға және ауыз қуысына енеді, мұрын жолдарынан ақпайды. 

Баланың мұрнынан қан кетудің негізгі себептері 

1. Жұқпалы аурулар (дифтерия, ОРИ немесе туберкулез).

2. Шырыштың жұқаруя (риниттің атрофиялық түрі, вазоконстрикторлы тамшылармен/спрейлермен ұзақ емдеу керек).

3. Тамырдың не қанның патологиялары (геморрагиялық васкулит, тромбоцитопения немесе гемофилия).

4. Қан қысымының жоғарылауы (эмоционалды стресс, шамадан тыс физикалық белсенділік, ыстық температура не бастан күн өткеннен).

6. Мұрын жарақаттары (сыну, көгеру, кез келген заттың зақымдануы және т.б.)

Көбінесе баланың мұрнынан қан кетудің себебі бөлмедегі микроклиматтың бұзылуы аясында жүреді. Ауаның жеткіліксіз мөлшердегі ылғалдылығы немесе бөлменің жоғары температурасы шырышты қабықтың кебуіне әкеледі.

Емдеу жолы

Балаға алғашқы көмек көрсету үшін зақымдану аймағын анықтау керек. Егер алдыңғы тамырлы бөліктер зақымдалса, онда қан кету күшейеді. Бұл жағдайда қан алғашқы медициналық көмектен соң немесе өздігінен тоқтайды.

Егер баланың мұрны қатты қанаса, бұл артқы жақта орналасқан ірі тамырлы құрылымдарға зақым келді деген сөз. Осы орайда өз бетінше оны тоқтату қиын, сондықтан дәрігер көмегіне жүгінген абзал.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар