Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда кеуде қуысы деформацияланған балаға ота жасалды

Алматыда кеуде қуысы деформацияланған балаға ота жасалды
ашық дереккөз


Алматыдағы №1 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері кеуде қуысы ішке қарай кіріп, шұңқыр тәрізденіп кеткен 10 жасар пациентке операция жасады. Ота құны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы төленді.


«Баламның кеудесіндегі патология кішкентай күнінен болды. Бұрын-соңды бұл мәселе бойынша дәрігерге апарған жоқпыз. Бірақ уақыт өте келе ыңғайсыздық тудырып, кеудесі ауыра бастады. Кейінгі кезде тез шаршап, тыныстау қиындап кеткенін айтып шағымданып жүрді», - дейді баланың анасы.


Жан-жақты тексере келе торакальды хирургтар ота жасау туралы шешім қабылдаған. Nuss әдісіне негізделген бейнеторакальды стернопластика МӘМС пакеті шеңберінде жасалды. Шағын инвазивті отадан кейін пациент тез оңалып, 3-4 күннен кейін ауруханадан шығуы тиіс.

Торакальды хирург Нұржан Жүнісовтің айтуынша, кеуде қуысы деформацияға ұшырағанда адам сүйектерінің құрылымы өзгереді. Аталған пациенттің қабырғалары ішіне кіріп, кеудесі «воронка тәріздес» болып кеткен. Салдарынан тыныс алу органдары қысылып, дем алуы қиындаған.

«Кеуде қуысының деформациясы әдетте туа пайда болатын генетикалық ақау болып табылады. Бір жақсысы, қазір оны хирургиялық жолмен түзетуге болады. Мұндай операцияларды ашылғанына 12 жылдан асқан біздің Торакальды хирургия орталығы дәрігерлері ересектерге де, жас балаларға да жасайды. Бізде емделген пациенттердің ең кішісінің жасы 3-те, ең үлкені 35-те», - деді Нұрхат Жүнісов.
Ата-анасының сөзіне қарағанда, қазір баланың жағдайы жақсы, ең бастысы патологиядан арылды.
Естеріңізге сала кетсек, 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылады және медициналық қызметті ақысыз пайдалана алады.
Торакальды хирургия бөліміне кеуде қуысы деформациясы байқалған жағдайда Алматы қаласы, Қалқаман ықшам ауданы, Әшімов көшесі, 2 үйде орналасқан №1 Қалалық клиникалық ауруханаға хабарласуға болады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар