Қазақстандық ата-аналар оқушы қыздардың мектепке орамал тағуына рұқсат сұрап, петиция ашты
- автор kyn.kz
- 24 қаңтар, 2022
- 220
Петицияға қол жинау egov.press сайтында жүріп жатыр. Онда ата -аналар жасы оннан асқан қыз баласын ұстанатын дініне орай сабаққа жабық яғни орамалмен қатысуға рұқсат сұрайды. Бір күннің ішінде бұл петицияға 30 мыңнан астам адам қол қойған, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Қазақстан Республикасының азаматы, салық төлеуші, мұсылман ретінде Конституциямыздың кепілі, жаңашыл, бүкіл Қазақстан халқының үміті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өтініш білдіремін!
Қазақ халқының тұрмысын жақсарту жолындағы барлық бастамаларыңызды түсініп, қолдай отырып, барша Қазақстан мұсылмандарын алаңдатып отырған бір өтінішім, атап айтқанда, мектептерде және басқа да мемлекеттік мекемелерде оқушылардың орамал тағу мәселесі.
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтай отырып, иманды әйелдердің орамал тағуын мақұлдаған және қыз баланың тәрбиесін ата-анасына жүктеген Ұлы Жаратушының заңдарын кедергісіз сақтағымыз келеді. Адамның қазынасын бейтаныс көзден жасыру әдеті бар сияқты, мұсылманға да әуретін жат көзден жасыру уәжіп.
⠀
Конституциямыздың 14-бабының 2-тармағы, 19-бабының 1-тармағы, 27-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Діни қызмет туралы» Заңының 3-бабының 5.6-тармағына сәйкес нормаларды қарастыра отырып, зайырлы қоғам талаптарын бұзбайтын әуретті жерді жауып тұратын жіни ормала тағы тәртібін бекітуіңізді сұраймын.
Игі істеріңізді Алла Тағала жарылқап, күш-қуат, сабыр және денсаулық берсін. Халық өзіңізбен бірге» делінген петиция мәтінінде.