Мұхтар Тайжан: Елде шынайы өзгерістің болатынын немес болмайтынын мынадан білуге болады
- автор kyn.kz
- 24 қаңтар, 2022
- 315
Қоғам белсендісі экономист Мұхтар Тайжан желідегі парақшасында көпшілікті толғандыратын сұраққа жауап іздеді, деп жазды KYN.KZ.
Оның сөзінше халық екіге бөлініп, Қазақстан өзгереді және өзгермейді деп сөз таластырған тұста мәселені шынайы бағамдаудың бір нұсқасы бар. Ол әр саланың басын ұстаған адамдар.
"Менің сезуімше, қазіргі таңда бүкіл халықтың уайымы біреу-ақ қана, шынайы өзгеріс бола ма жоқ па? Құрбан болған жандар бекер кетті ме жоқ па? Бұны қалай білуге болады?
Биліктің кадр саясатына назар аудару керек. Егер президент жаңа адамдарды тағайындайтын болса, жақсы, яғни қағида тұрғыда өзгерістерді күтуге болады. Егер бұндай жаңа үрдіс байқалмаса, ешқандай өзгеріс болмайды деген сөз.Кадр саясаты ол нақты тетік. Ленин атамыз айтқандай, "Бәрін тек кадрлар ғана (адамдар) шешеді.",-дейді экономист Мұхтар Тайжан.