Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айдарбекова Қайратқа қастандық жасалғаны жайлы айтты: Балама өлім тілеп, осындайға кімнің қолы барды екен?

Айдарбекова Қайратқа қастандық жасалғаны жайлы айтты: Балама өлім тілеп, осындайға кімнің қолы барды екен?
ашық дереккөз

Желі қолданушыларының бірі Қайрат Нұртастың суреттерін жүктеп, оны монтаждап өмірден өткені жайлы мәтіні бар әнді қойған. Мұны көрген көпшілік әнші Қайрат Нұртас өмірден өтті дегенді түсінген. Өйткені әннің мәтіні қайғылы әрі сол мағынаны береді, деп жазды KYN.KZ.

Бұл туралы әншінің анасы желідегі парақшасында пікір білдірді.

"Менің баламның өлімін тілеп, кім осылай жарналап таратуға қолы барды екен. Басыңа келсін деп тілемеймін, тек Алла сана берсін. Мейлі мамасының баласы дей берсін, мейлі тағы да баласын қорғаштады десін, баламның табанына кірер шеңгел болса, менің маңдайыма қадалсын дейтін өз аналарыңыздай мен де анамын, сыртынан ауыр сөз айтылса ең бірінші менің жүрегіме қадалары анық.

Соншалықты жек көретіндей біреуге ұлым зияндық жасамақ түгілі, тірі пендені ренжітпейтін жүрегі мейірімге толы екенін басқа білмесе де туған анасы мен білемін. Қаншалықты қара жағып өсектеп жатса да шыдай береміз ғой, енді мынау тым артық. Ниетімізді түзесек екен. Ешбір ана баласын жоғалтпасын, Алла ұлыма ұзағынан өмір берсін!",- деп жазды продюсер.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар