Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үй алып беремін деп алдады: Мақпал Жүнісова Балғымбек Имашевке алданғанын айтты

Үй алып беремін деп алдады: Мақпал Жүнісова Балғымбек Имашевке алданғанын айтты
ашық дереккөз

Мақпал Жүнісова Балғынбек Имашевке алданып қалды.  Халық әртісі емес,  атақты әншімен аттас  елордалық азаматша.

Қасында  айтыскердің дегеніне еріп, соңғы тиынымызды санап бердік деген 300-дей жуық адамы бар. Сонда ақын не бүлдіріп қойды?  Баспаналы боласыз деп бастапқы жарнасын жинап, соңында жүздеген адамды сан соқтырып қойғаны рас па?

Бұл туралы KYN.KZ сайты Еуразия арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Общественный фонд Балғынбека Имашевева, который нашу мамочку ввел в заблуждение, ее кинули на 325 тысяч тенге» 

Даудың басы – желідегі мына видеодан басталды.  

ШУМ: Есіміңіз, кешіріңіз? Мақпал. –Фамилия? – Жүнісова, әнші деп жазып қойыңыз. Рас, Мақпал Жүнісова аты-жөні, просто отчествосы басқа» 

Қасында тағы он шақты адамы бар. Бәрі айтыскер ақынға  шағымын айтуға келген.

«2021-дің августы кезінде, ол кісінің парақшасында өзі айтқан мен осындай фонд ашып жатырмын. Кооператив па, то ли фонд па сондай біреңесі бар. Очередьке тұрыңдар 300 адамға мұқтаж  мұқтаж адамға кәдімгідей үй алып береміз»,-дейді көпбалалы ана Ақсанам.

Тегін емес әрине, бірақ шарт бойынша, бастапқы жарнасын төлеп берсеңіз жеткілікті. 

«Егер де қаласаңыздар  қазір очередьке тұрыңыздар, бір очередь 150 мың теңге тұрады деді. мен сол кезде аяғым ауыр болды. 6-шы балама. Сразу до родовой пособием түскен кезде сразу сол ақшаны. Докозательство бәрі бар»,-дейді көпбалалы ана Ақсанам. 

Сөйтіп бас-аяғы 300-ге жуық адам бала-шағасының аузынан жырып, жиған терген ақшаларын аударды дейді жиналғандар. 

"300 адам 1000 долларардан бердік. Бұлар жаңа ғана мойындады, сол адамдардың 40 шамасына ақшаларын қайтарып беріпті. Сонда бұл қандай да бір пирамида ғой",- деді жәбірленушілердің бірі.

Пирамида ма,  жоқ па, білмедік, бірақ видеодағы кейіпкерлердің өзіне хабарласып едік, сұхбат беруге келіскен жоқ.  

Ақынның өзі жеке қайырымдылық қорының былай қор болғанына күйініп отыр. Пайызсыз несиемен  500-ге жуық отбасыны қуантып, үйі жоқтарға күй сыйлаудан басқа ойлағаным жоқ дейді.  Алайда бәріне емес, бұл бақыт тек ұйым комиссияның талаптарынан өткендерге ғана бұйырады. Міне, желіні шулатып, қасына бір топ адамды ерткен азаматша, бұл шарттарға сай болмаған көрінеді. 

«Негізінде оның басында мемлекеттік бағдарламамен алған үй бар. Сондықтан біз оған сізге үй алып бере алмаймыз, ақшаңызды қайтарамыз, вступительный взнос салған, соны қайтарып береміз десек, маған ақша керек жоқ, маған үй беріңдер деп. Маған бермесеңдер, қайын сіңліме алып беріңдер деп қоқан-лоқы көрсеткен ғой»,- деп жауап берді айтыскер ақын Балғынбек Имашев.

Алайда ақынды даттаудан да, жақтаудан да аулақпыз. Тараптардың қайсы шын, қайсы жалған сөйлеп тұрғаны әзірге басы ашық сұрақ. Анығы айтыскер атына кір келтіріп, үстіне негізсіз жала  жапқандарға арыз жазып, Сотқа жүгінемін деп бекініп отыр. 

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар