Білім министрлігі ауылға баратын ұстаздарға баспана беріп, коммуналдық төлемді де өздері өтемек
- автор kyn.kz
- 28 қаңтар, 2022
- 235
Бар жақсымыз мұғалімге. Білім министрлігі алыс ауылдарға барып сабақ беретін педагогтардың бар жағдайын жасауға уәде беріп отыр. Бірақ жалақысы жоғары, баспанасы тегін жұмысқа тек үздіктер таңдалады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасап.
Қазір Маңғыстау, Атырау, Алматы мен Түркістан облыстарына мұғалімдер жетіспейді. Сондықтан өңірлерге арнайы бағдарлама арқылы маман тарту жоспарланып отыр. Білім министрлігі ат арылтып, алысқа баратын ұстаздарға жалға баспана беріп, коммуналдық шығындарын да өздері төлеп береді.
2022 жылы кем дегенде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді. Жалпы Қазақстанда төрт мыңға жуық мұғалім керек-ақ. Барлық ауыл мен қаладағы білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін сегіз мыңнан астам кадрдың арнайы педагогтік білімі жоқ.
"Білім сапасында алшақтығы бар өңірлерге мұғалімдерді жіберу бойынша сапалы мұғалімдерді оның ішінде жоғары оқу орындарының үздік түлектерін жіберу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Сонымен бірге әрбір пән бойынша пәндік ассосациялау құрылып, мықты мұғалімдердің өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім сапасының мұғалімдердің оқыту әдістерін қолдау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады",- деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова.