Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутаттар осыған дейін елдегі кедейлер туралы ақпаратты жасырып келген Үкіметті қарғай бастады

Депутаттар осыған дейін елдегі кедейлер туралы ақпаратты жасырып келген Үкіметті қарғай бастады
ашық дереккөз

Қазақстанда бір миллионға жуық бала өте кедей отбасында тәрбиеленіп жатыр. Обалы — Үкіметтің қызыл-жасылды өтірік статистикасында дейді сенаторлар. Бұл туралы KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Қазақстанда кедейшілік жоқ» деген ұранды ту еткен жергілікті органдар мемлекеттің оларға көмек беруіне мүмкіндік жасар емес. Жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін үнемі төмен көрсетіп ұпай жинауға тырысады деп жоғары палата өкілдері ренжулі.

Ресми ақпаратқа сенсек, 2021 жылы елде 450 мың адам жұмыссыз болған. Яғни кедейшілік деңгейі төрт жарым пайыздан аспайды. Ал шынтуайтында, қазір екі миллион азаматтың тұрақты жұмысы, не ай сайын алатын айлығы жоқ. Елдің әлеуметтік әлеуетін тек жақсы санмен өрнектейтін Қазақстанның оптимистік тәсіліне Мұрат Бахтиярұлы аң-таң.

"Елдегі осы кезге дейінгі кедейшілік деңгейін анықтауда Қазақстандық тәсіл кедейлікті төмендетіп көрсетіп келеді. Кедейлік шегін өлшейтін әлемдік стандарттарға шығуға не кедергі болып отыр? Деректерге сүйенсек ,1 миллионға жуық балалар ең кедей отбасыларда тұрып жатыр. Үкімет бірінші кезекте кедейшілікпен күресудің жаңа жүйесін жасау керек. Келешекте жалған статистикадан толыққанды арылу қажет. Тәтті өтіріктен ащы шындық анағұрлым жақсы",- деді Сенат депутаты Мұрат Бахтиярұлы.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар