Созақта дәрігерлер ауылда 10 мың адам жоқ деп, 7 500 тұрғынның денсаулығына қарамай отыр
- автор kyn.kz
- 28 қаңтар, 2022
- 244
Сапалы ем - дом алғың келсе, адам санын көбейт! Созақтың дәрігерлері аурухана ашуды сұраған ауыл тұрғындарына осылай деп, айды аспаннан бір - ақ шығарды. Ақ халаттыларды алаңдатқан демография мәселесі емес екен, деп жазды KYN.KZ сайты Еуразия Бірінші арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап.
Олар елдімекенге маман тарту үшін халық санының межеге жетуін күтіп отыр. Егер шағын ауылдағы тұрғындар саны 10 мыңнан аспаса, аурушаң жұрт ауданға сабылып, емделуге мәжбүр болады. Онсыз да уранның кесірінен ағзасы уланып, денесін дерт дендеген қараша енді бала санын арттырудың қамына бас қатыруы керек пе?
Таукент елдімекенінде жалғыз ғана дәрігерлік амбулатория бар. Медициналық қызмет көресетін мекемеге тұрғындардың өкпесі қара қазандай.
Себебі, атына заты сай емес деп налиды. Яғни, мамандардың тапшылығынан қызмет дұрыс көрсетілмей, салдарынанан науқастар аудан орталығына сандалуға мәжбүр. Бүгінде жиналып келген халық дәрігерлермен әңгімесі жараспай, біраз ашуға булықты.
"Пятница күні келген. Келген кезде Алма апайға айтқан. Менің әкемінің давлениясы көтеріліп жатыр, ауырып жатыр осы жерде давлениясын тексеріп емдеп беріңіздер деп. Бірінші помощь көресту керек любой адамға. Бұл кісінің әкесі кіргеннен кейін бұл кіслер ештеңе істемеген, давления тексермеген, вторник күні келесіздер деп жіберген.",- дейді тұрғын.
Бұл маңдағы тұрғындардың дені қан қысымы ауруына шалдыққандар. Себебін, елдімекен іргесіндегі уран өндірісінен бе деп секем алады. Ал, оларға мемлекеттен берілетін тегін дәрі-дәрмекті алудың өзі үлкен мәселе.
Тіпті, ПТР тест тапсыру үшін елдімекеннен 40 шақырым жерде орналасқан орталық аурухана баруға мәжбүр. 7500-нан астам тұрғыны бар Таукенттегі емдеу мекесінде бар-жоғы 4 ақ халалтты жұмыс істейді. Тиісті аппараттар атымен жоқ.
«Аудандық емханадан дәрі бөлінбейді. Дәіргерден келіп сұрасақ жоқ дейді. Аудан бөлмейді дейді. Келген дәріні тегін аламыз. Через один, арасында бір ай өтіп кетеді. Мысылы декабрь алмадық, январь алмадық»,-дейді Таукент елдімекенінің тұрғыны Мамырахан Сүлейменов.
Анықталғанындай, Таукент дәрігерлік амбулаториясы 2018 жылға дейін уран өндіретін жеке меншік компанияның меншігінде болыпты. Кейін олар қаржыландыруды тоқтатып, мекемені мемлекетке өткізген. Сол сәттен бастап білікті дәрігерлер кетіп қалған. Ал, ауданның бас дәрігері дәрі-дәрмекпен маман тапшылғы жоқ деп ақталып бақты.
Журналист: Жаңа сіз айттыңыз 10 мың адамға жету керек дедіңіз насиление. Ол 10 мың адамға жетем дегенше мына жақта 8000 адам қырылып қалмай ма?
"Норматив больничный сети деген болады. Например бейін мамандар тарту үшін халық ол жақта 10 мыңнан асу керек.
Қазіргі таңда Таукентте 7500 адам болуына сәйкес ол жақта дәрігерлік амбулатория. Сол дәрігерлік амбулаторияға жалпы семейнный бұйрықтарға сәйкес барлық медицианлық қызметтерді көрсетуі керек»,-дейді Созақаудандық орталық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Талғат Қалдыбеков.
Енді, Таукент елдімекеннің тұрғындарына адам санын көбейту үшін демограф Мақаш Тәтімов тілінде айтсақ, «көк көрпені күмпілдету» керек болып тұрғандай.