Абысынына ұлын берген әйел қайнысы мен келінін ажырасқандары үшін сотқа берді
- автор kyn.kz
- 28 қаңтар, 2022
- 250
Киноға бергісіз оқиға. Қызылорда облысында абысыны келініне асырауға берген баласын кері алу үшін соттасып жүр. Ұлын даулаған ананың арыздануға себебі де жоқ емес.
Ұрпағын өз баласындай өсірсін деп берген келіні қайын інісімен ажырасқалы жатыр екен. Енді асыранды бүлдіршіннің өзге әулеттің отын жағып, тұяғын жалғастырмасы үшін биологиялық ата-анасы өздеріне алып қалуды жөн көрген, деп жазды KYN.KZ Еуразия Біріншінің жаңалықтарына сілтеп.
Тағдыры талан-таражға түсіп жатқан бүлдіршіннің есімі Мейіржан. Ойын баласы ғой. Екі оттың ортасында қалғанынан бейхабар. Бірақ сәбидің жүрегі әлденені сезе ме, мінезі томаға тұйық, еркелейтін сәттері де сирек көрінеді.
«Баланы ешқандай садикке бермеген. Содан осындай болып қалған. Екеуінен басқа ешкімді көрмеген ғой. Мен арасында алып келіп ауылдағы садикке беріп, тәрбиелеп жүрдік. Апарамын алып келемін, екі ортада жүрдім мен алаңсыз. Қайтсем де осыларды үй-жай қыламын деп. Бірақ оған келін көнбеді»,- дейді Мейржанның әжесі Мағрипа Қожамжарова.
Ешкімге де барған жоқпын, бір құдайға салынып отырмын қазір!
Оқиға былай басталған. Гүлназ Төребаева Мейіржанның туған анасы. 9 ай 9 күн көтерген сәбиін кезінде қайын інісі мен абысыны асырап алған. Ұзақ уақыт бала сүйе алмаған отбасының ошақ оты сөнбесін деген ниетпен үлкендер осындай шешім қабылдапты.
Тіпті ата-ана құқығы да заң жүзінде рәсімделген. Алайда 4 жылдан соң қайнысының шаңырағы шайқалып, ерлі-зайыптылар ажырасуға шешім қабылдайды. Тап осы сәтте бүлдіршін екі оттың ортасында қалып, Мейіржанның өгей анасы Айгүл мен биологиялық ата-анасының арасында тартыс басталады.
«23-ші декабрь күні қайын інммен бардық, мен уже шыдамадым. Сөйлестік, көнбеді келін әрі-бері айттық енді. Атамыздың туған күні еді, барлығы болсын үйде деп айтып едік көнбеді. Сөйтіп қайын інім алып кетті, менің де балам, заңды түрде қазір ажырасқан жоқпыз деп. Соынмен алып келдік үйге»,- дейді Мейржанның анасы Гүлназ Төребаева.
Мейіржанның екінші әкесінің сөзінше, ажырасуға бел буған келіншегімнің өзі деп отыр. Бірнеше мәрте татуласуға қадам жасаған отағасы жақында жары жайында бір жайсыз хабар естіпті.
«Ажырасу, ажырасу бар арманы сол. Бұрын күйеуде болып келген екен маған дейін. Осындай өмір қалыптасып қалған ба ойында. Оны жақында білдім, 4-5 ай болды білгеніме, соны естігеннен кейін менің де настроением кетіп ажырасуға мен де бел будым ғой»,- дейді Мейіржанның әкесі (екінші) Ғалымжан Қожамжаров.
Ал, Мейіржанды 4 жыл бойы бағып-қаққан Айгүл ханымның уәжі басқа. Күйеуім көзіме шөп салып, ойнас жасады деп отыр. Ал бауырына басқан баласын өз еркімен бергісі жоқ.
«Мен айтып отырмын оларға заң бойынша алыңдар пожалуйста, беремін мен. Ол бәрібір ертең өскен жағдайда кетіп қалады ғой ол бала. Мені де түсініздер,менде бауыр басып қалдым. Менен де жұлып алу оңай емес қой. Менің де жүрегім бар ғой. Мен де ана болдым, ол мені мама дейді. Енді заңды алсың да, қазір 21 ғасыр, көздері ашық. Заңға жүгінсін»,-дейді Мейіржанның анасы (екінші) Айгүл.
«Әр нәрсенің түйіні, шешімі бар ғой. Бұл шеше алмаса мен бара беремін до конца жүремін. Бергенге шыдамы жеткен адаммын, до конца барамын. Заң десе заңмен басқа десе бақамен»,-дейді Мейіржанның анасы Гүлназ Төребаева.
Айта кетейік, Мейіржан қазір өзінің аға-інілерімен енді-енді тіл табысып, ойнап келеді. Ата-анасы балабақшаға да берген. Ал оның қай отбасыда қалатынын алдағы уақытта сот шешеді.